МТРА жаңалықтары

Петропавлда абаттандыру жұмыстары жүруде

-Гүлдердің отырғызылып жатқаны дұрыс. Қаланың сәнін береді.

-Істелініп жатқан істер тамаша. Өзім саябаққа көп келмесем де, әдемілік көңілімнен шықты.

-Мен өзімнің қаламды жақсы көрем. Аз уақыттың ішінде жақсы жаққа өзгерді. Гүлдердің көбейгендігі байқалады. Осындай қалада тұруыңның өзі тамаша. Өсіп келе жатқан балалар да мәз.

Тамаша көріністер қала қонақтарын да тәнті қылды. Надежда Шандер Германиядан келіпті. 1997 жылы туған жерден қоныс аударған Надежда қаламызда соңғы рет екі жыл бұрын болған. Анасына келген мейман биыл қаланың ерекше сәнге енгенін айтады.

Надежда Шандер – қала қонағы.

-Қала өзгеруде. Бірнеше жылдың ішінде ғимараттар тұрғызылып, жолдар жөнделген. Өте тамаша. Саябақта қыдырып жүріп отырғызылған гүлдерді көрдім. Өзіме қатты ұнады. Демалушылардың да назарын бірден баурап алады. Қаламыз өркендей берсін. Туған күнінмен Петропавл.

Жалпы жыл басынан қаламызда 10 мың шаршы метр аумаққа тірі гүлдер және 6 мың шаршы метр дерге гозондық шөп төселген. Саябақтарда гүл сауытына отырғызылған өсімдіктерді де көруге болады.

Антонина Сулеин – “Коммунхоз-Петропавловск” ЖШС бригадирі.

-Биылғы жылы қала күніне арнап вертикалдық тұрғыдағы гүлдерді отырғызуды жөн көрдік. Халықтың көңілінен шығып жатыр. Саябақтың да сәнін келтіруде. Қазір ол гүлдермен 30 адам айналысады. Суару, оларды күту жұмыстарын жүргізеді. Енді қаланың басқа көшелерін гүлменмен абаттандырудамыз.

Петропавлдың орталығында тұрғызылған мына гүлдер қақпасы алыстан көз тартады. Оның биіктігі 5, ал ұзындығы 9 метрді құрайды. Салмағы 1 тонна. Темірден тұрғызылған құрылымды бойлай 4 мыңға жуық түрлі-түсті жасанды гүлдер өрілген. Мұндай сәулетті құрылыс нысаны тек Астана мен Петропавлда ғана орнатылыпты.


 

Култанов Байболат.