Денсаулық сақтау

Облыста емдеу мекемелерін жөндеуге 273,8 млн. теңге бөлінді

Қадырбек Болатбаев – “Денсаулық” жеке коммерциялық емес мекемесінің директоры.

-1997 жылы емхана жеке иелікке өтті. Сол уақыттан бастап бұл “Денсаулық” жеке коммерциялық емес мекеме деп аталады. Көптен бері бұл ғимаратты жөндеуден өткізуді жоспарлап жүргенбіз. Нысанның салынғанына – 35 жыл. Біраз ескірді. Өткен жылы жаңа шатыр құрып, 1-ші, 2-ші кабаттарға пластикалық терезелер орнаттық. Қалған екі қабатқа ендігі жылы саламыз.

Ағымдағы жылы мұнда гинекология кабинетіне жөндеу жүргізілді. Мамандар күніне 120-ға тарта әйел адамды қабылдайды екен. Оларды толық тексерістен өткізуші үшін барлық жағдай жасалған. Жақында енді жаңа УЗИ құрылғылары әкелінбек.

Евгения Степанова – “Денсаулық” жеке коммерциялық емес мекемесінің акушер-гинеколог дәрігері.

-Біздің кабинетіміз толық жөндеуден өтті. Төбе, қабырғалары мен терезелері жаңартылды. Жұмыс істеуге барлығы ыңғайлы етіп жасалған.
Сонымен қатар, біздің емханада 3 гинекологиялық учаске ашылды. Бұрын біреу-ақ болатын.

Бүгінде емханаға 24 500 тұрғын тіркелген. Олар осында тегін қаралады. Емдеу мекемесінде барлығы 27 маман қызмет көрсетеді. Алдағы тамыз айында кадрлар қатары Астанадан келетін 2 жас дәрігермен толықпақ.

 

 

Айгерим Ержанова.