Аптадағы маңызды жаңалықтар

Биыл Петропавлда жылу құбырларының 10 шақырымы күрделі және ағымдағы жөндеуден өтпек

Жұмабай Әміржанов, “АП-Импэкс” ЖШС директоры.

-Жылу құбырларын жөндеу ісімен 10 жыл айналысып келеміз. Сәуірдің 10 бастаған жұмысымызды қыркүйек айына дейін аяқтаймыз. Негізі бүгінде жоспарлы жұмыстың 35 пайызы тындырылды.

Еңбеккерлер құбырларды орнатпай тұрып, астыңғы жағына фундамент құйып, металлдан тіреуіштер орнатуда. Бұның бәрі құбырларды ылғал мен коррозиядан қорғаудың амалы. Осы жерде облыс әкімі қосалқы мердігер компания жетекшілерімен кездесіп, олардан материал мен жұмыс күшін сұрап білді.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі.

-Надо принять меры для того, чтобы к 1 сентября провести испытания. Основной упор сейчас важно сделать на своевременное завершение фундамента.

Келісім-шартқа сәйкес бас мердігер компания “АП-Импэкс”ЖШС-гі қала бойы 4 шақырым жылу магистралін тартуы тиіс. Мамандар құбырлардың сапасы жоғары дейді.

Игорь Рыбас, “Петропавл жылу жүйелері” ЖШС бас директоры.

-Диаметрі 700 миллиметрілік ескі құбырды 1000 милиметрлік жаңаларына алмастырудамыз. Сырты пенополиуретанмен қапталған. Жылуды сыртқа өткізбейтін қасиеті бар. Кемі 25 жылға дейін жер астында бүлінбей жатуы тиіс.

Жалпы жыл аяғына дейін қаламызда 3 шақырымнан астам магистральдік желі мен 7 шақырымнан артық жылу таратушы құбырлар ағымдағы және күрделі жөндеуден өтеді. Осы ретте тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ. 2-ші, 3-ші және 6-шы жылу магистральдарына қосылған баспаналар сусыз қалмайды деп сендірді жылумен қамтушы компания өкілдері.
Осы күні облыс орталығында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы да өңір басшысының назарынан тыс қалмады. Юбилейный және Семашко көшелерінің шекарасында 9 қабатты 2 үй салынбақшы. Оның бірі – 126 пәтерлік баспананы өскемендік құрылыс компаниясы тұрғызады. Қазір аумаққа қазықтар қағылуда. Мұндағылар 10 күннің ішінде 1 қабатты көтеріп тастауға жұмыс күші мен техника қауқары жетеді дейді.


 

Берик Касен.