Құқық қорғау органдары

Құқық қорғаушылардан ардагерлерге Астана күніне арналған сыйлық

Сұраған Көпеев – СҚО ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы.

-Бүгін үлкен қуанышпен Алматы қаласындағы шипажайға бару үшін жиналдық. Қатарымызда 16 ардагер бар.

Елорданың туған күніне орай, шипажайда демалып, денсаулығын сауықтыруға ведомства ардагері Қуаныш Беркімбаев та аттанды. 30 жыл бұрын отставкаға шыққан қария өздерін ұмыт қалдырмай, елеп жүрген кейінгі толқын өкілдеріне алғысын жеткізді.

Қуаныш Беркімбаев.

-ІІД бастығы ардагерлерді шипажайғав жіберіп жатыр дегенде әріптестерім үшін қуандым.

Жол бойы ардагерлердің денсаулықтарын медбикелер қадағалап отырмақ. Шипажайда олар 10 күн бойы дем алады. Астана күні қарсаңында құқық қорғау қызметкерлері қайырымдылық сенбілігін өткізген болатын. Одан түскен қаражат ардагерлер кеңесінің қорына аударылды. Айта кеткен жөн, бұрынғы әріптестерін шипажайға жіберу сапары ІІД осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

 

 

Байболат Култанов.