ТКШ

Облыс орталығындағы білім ошақтақтары қысқа дайындық жұмыстарын бастады

Айнагүл Сұрағанова – №23 орта мектебінің директоры.

-Көктемгі, күз мезгілдерінде шатырдан су ағып, оқу үрдісіне өз кедергісін жасайтын. Бүгінгі күні бұл мәселе толығымен шешімін тапты. 2:09-31 Бұл мәселе қала әкімінің есептік кездесуінде ата-аналар тарапынан көтерілген еді. Қала басшылығының назарына ілігіп, бұл мәселе облыстық кездесуде де көтерілді. Сондықтан әкімдіктен сондай қолдау көрсетіліп, қомақты қаражат бөлінді.

Жөндеу жұмыстары маусымның 5-і күні бастау алды. Инженер маман білім ордасының шатыры тесілген, сол себепті ғимараттың бірінші қабатына дейін су аққандығын айтады. Бүгінде құрылыс басындағы 23 жұмысшы жөндеудің 30%-ын аяқтапты. Айта кету керек, бұл мердігер компания тендерді ұтып, солтүстікке еліміздің орталығынан келген.

Оспан Алдабергенов – «Наладочный центр Теміртау» ЖШС директорының орынбасары.

-Біз енді келген бетте шатырдың жұмсақ жабындыдыан жасалғанын көрдік. Қазір біз демонтаж жүргізіп болдық. Енді қазір ағаш шатырына кірісе бастадық. Төбенің 3 жағы ағаш шатыр болады да, бір жағы темір шатыр болады.

Биылғы жылы қаламыздың екі мектебі күрделі жөндеуден өтуде. Бұл білім ошақтарына қала бюджетінен қомақты қаржы да қарастырылған.

Аманғали Уәлиев – Петропавл қаласы білім бөлімінің құрылыс бойынша бас маманы.

-Қаланың білім беру ұйымдарында обьектілерді қысқа дайындық жүріп жатыр.Ғимараттардың жылу жүйелері жуылып, тығыздалды. Қазіргі таңда орталықты жылу жүйедегі 29 мектептің 24-інде, 25 балабақшаның 14-інде, 4 мектептен тыс білім ұйымының екеуінде, барлығы 40 білім ұйымында техникалық қысқа дайындық паспорттары бар. 00:41-01:01 Биылғы жылы екі мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. Олар: №13 орта мектеп – жылу жүйесіне геотермалды сорғы орнатуға, 29 млн.теңге, ал №23 орта мектеп ғимаратын шатырлап жабуға 45 млн. 628мың теңге бөліп отыр.

Жөндеу жұмыстары тамыз айының онында аяқталады деп жоспарланған.

 

Айгерим Ержанова.