МТРА жаңалықтары

ЕС 164/3 түзету мекемесінде Халықаралық отбасы күні атап өтілді

Мекеме басшылығының айтуы бойынша мұндай шараларды жиі ұйымдастыру жазасын өтеушілердің тәртібін түзеуге септеседі. Яғни олар абақтыдан босап шыққан соң, қоғамға еркін араласуы тиіс.

Қайрат Басагаринов – ЕС 164/3 түзету мекемесінің бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

-Бұл концертті біз мекемедегі ата-аналар комитетінің бастамасымен ұйымдастырып отырмыз. Мұндағы алға қойған мақсатымыз ол жазасын өтеушілерге оларлы үйінде отбасысы, жақын-туыстары күтетінін жеткізу. Сонымен қатар, бостандыққа шыққаннан соң, аяғын шалыс баспау керектігін бойларына сіңіру.

Айта кету қажет, ата-аналар комитеті мекемеде екі жыл бұрын құрылған. Қазіргі таңда, бұл ұйымға 6 адам мүшелік етеді.

Любовь Маринкова – ЕС 164/3 түзету мекемесінің ата-аналар комитетінің мүшесі.

-Біз ата-аналар осындай шаралар арқылы балаларымызға ой салғымыз келеді. Мұнда жақсы тәрбие алып, бұрынғы қателіктерін қайталағандықтарын қалаймыз.

Түзету мекемесінде түрлі қылмыстарға барған 1000-нан астам жазасын өтеуші бар. Төрт жыл бұрын бұл абақтыға шалақындық Нұрлан Біләлов та түсіп қалған. 40 жастағы азамат бұзақылық жасады деп айыпталып, 7 жылға темір тордың арғы жағына жіберіліпті.

Нұрлан Біләлов – жазасын өтеуші.

-Осындай тамаша концерт ұйымдастырып отырған ата-аналар мен мекеме басшылығына алғысымды айтқым келеді. Әрдайым шаралар өткізіледі. Өткенде С.Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының әртістері келіп кеткен.

Жалпы жазасын өтеушілер айына екі рет жақын туыстарымен кездесе алады. Әрине егер қылмыскердің тәртібі жақсы болса. Сондай-ақ мұнда некесін қиғандар да баршылық. Үстіміздегі жылдың өзінде бостандығынан айырылған 4 тұлға отау құрыпты.

 

Риат Шони.