Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржылай қолдау

Теріскейде құрылған “СҚО бойынша аймақтық астық холдингінен” бүгінде 61 серіктестік несие алған. Соның арқасында жергілікті диқандар егістік жұмыстарын жүргізіп, техникаларын жаңартуға зор мүмкіндік алып отыр. Өйткені, холдингтің талаптары шаруалар үшін тиімді.

Марат Ысқақов – “СҚО бойынша аймақтық астық холдингі” ЖШС директоры.

-Менің ойымша, жаңашыл жоба биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге септігін тигізді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері заем алу үшін жинайтын қағаздар саны да біршама қысқартылды. Бұл, әрине, барлық үрдісті жылдам жүргізуге жағдай жасайды.

Бүгінгі жиынға біраз агроқұрылым жетекшілері келді. Бірі холдингтің көмегіне жүгінуге ниеттенсе, енді бірі бағдарламаның мүмкіндігін пайдаланып үлгерген. Мәселен, М.Жұмабаев ауданында егін егумен айналысатын агроқұрылым жетекшісі Гүлшара Әбдірахманова 16 мың гектар жерге иелік етеді. Нәзікжанды кепілзатсыз 1 жылға 96 млн.теңге қаражат рәсімдеген. Оны жыл соңына таман қайтаруы тиіс.

Гүлшара Әбдірахманова – “Жетісу-Жер” ЖШС, “Торғай-Амангелді” ЖШС басшысы, М.Жұмабаев ауданы.

-Бізге астық холдингінің көмегі көп тиді. Біз уақытылы ақша алып, көп қағаз да жиналған жоқ. Бізге өте жақсы болды. Мен өзім 2 ЖШС-ке 96 млн.теңге қаржы алдым.

Ағымдағы жылы аймақтық астық холдингінен өңір шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жалпы сомасы 967 млн.теңге қаржы алған.

 

 

Бакыт Садуакасов.