Аптадағы маңызды жаңалықтар

Үш ауысымдық және апаттық мектептерді жою

Сәрсенкүл Сүйесінова, Новоишим қазақ орта мектебінің директоры, Ғ.Мүсірепов ауданы.

-Қазіргі оқып жүрген мектебімізде спорт залы, футбол, баскетбол ойнайтын алаңқайы жоқ. Оған қоса интернат мектептен алыс орналасқан. Сол жағынан оқушыларға да, біз геде біраз қиын болды.

Сөйтіп, Астананың биылғы туған күні Новоишим қаласының тұрғындары үшін айтулы шарамен есте қалмақ. Шілденің 6-сында жаңа Новоишим қазақ мектеп-интернатының құрылысы басталып, капсула салынды. Онда оқушылар кейінгі толқынға өз тілектерін жазып қалдырды.

Елхан Социалов, Новоишим қазақ орта мектебінің оқушысы, Ғ.Мүсірепов ауданы.

-Жаңа мектеп бұрынғысынан жақсы болады деп ойлаймын. Онда оқушылардың білім алуынабарлық мүмкіндіктер жасалады. Меносы құрылысты бастаған, оған мұрындық болған адамдарға алғысымды айтамын.

Жыл сайын аудан орталығы көркейіп келеді. Мұнда көрші елді-мекендерден қоныс теуіп жатқан халықтың қарасы да қалың. Сондықтан Нововишимкада соңғы үлгідегі оқу жабдықтарымен жарақталған мектепті салу – заман талабы.

Владимир Дудов, Ғ.Мүсірепов атындағы ауданының әкімі.

-“Нұрлы жол” бағдарламасы асында 200 орынға арналған жатын корпусы бар 400 орынға шақталған мектеп-имнтернаттың құрылысына 1,5 млрд. теңге бөлінді. Биыл “Альфа Север” компаниясы оның 400 млн. теңгесін игермекші. Бұл жерде 50 адамға жаңа жұмыс орны құрылды. Құрылыс кестеге сай жүргізіліп жатыр. Мектеп жанында жабық спорт залы болады. Сондай-ақ, осы жерде футбол, теннис ойнауға арналған әмбебеп алаң салынбақ.

Сәтін салса, Новоишим орта мектебінің оқушылары жаңа ғимараттың табалдырығын 2016 жылдың қазан айында аттайды.

Серік Мұрзабаев, “Альфа Север” ЖШС прорабы.

-Кеңес тұсында қазақ мектептері аз болатын. Біз ана тіліміз бен тарихымыздан аздап ажырап қалдық. Енді ол олқылықтың орнын кейінгі ұрпақ толтырады. Мен олардың осынадй әдемі, жарық, кең ғимаратта оқитындықтарына қуанамын.

Осы нысанмен қатар, Ғ.Мүсірепов ауданында Буденный орта мектебі салынуда.
Аталмыш жобаға қаражат облыстық қазынадан бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар нысан келер жылдың күзінде халық игілігіне тапсырылмақшы.

 

Берик Касен.