Балалар

Солтүстікқазақстандық балалар Астана қаласын аралап келді

Кішкентай саяхатшылар поездан түсе салысымен, көрікті қалада қыдырып, биік ғимараттарды тамашалаудан алған әсерлерін ата-аналарына жеткізуге асық. Астана – шынымен арман қала, дейді олар.

Аружан Нұрсейіт, Озерный орта мектебі, Қызылжар ауданы.

-Астанада бәйтеректі көрдім. Поездға мінердің алдында бәйтеректің түстерінің ауысқанын да көрдім. Өте әдемі болды.Тағы джунгли атты жерді көрдім. Онда түрлі-түрлі жануарлар болды.

Әйгерім Қабдол, Шаховской орта мектебі, Қызылжар ауданы.

-Бізге Астанада бәйтеректі, фонтандарды, мешіттерді таныстырды. Өте тамаша болды.

Елордада 20 балаға бас болып, жетекшілік еткен Боголюбов орта мектебінің мұғалімі Жұмат Қазиев бұл сапардан балалардың көріп-білгені мол дейді.

Жұмат Қазиев, Боголюбов орта мектебінің қазақ-тілі әдебиеті мұғалімі, Қызылжар ауданы.

-Біріншіден Қызылжар аудандық білім бөліміне алғыс білдіремін. Осындай балаларға жақсы қолдау жасап, мүмкіндік беріп отырғанынына. Жақсы қыдырдық. Бізді жақсы қарсы алды Астана. Балалардың көңіл-күйі жақсы болды. Барлығы ұнады.

Жеткеншектердің бас қалаға тағы барсақ деген құлшыныстары зор. Сапардан көңілді оралған балғындар тіпті Астанамызға арналған өлең жолдарын да жатқа айтты.

Әйгерім Қабдол, Шаховской орта мектебі, Қызылжар ауданы.

-Алтын Күннің Астында желбірейді көк туымыз,
Қазақ деген халықтың қызы менен ұлымыз.
Ардақталды Астанам, мәртебесі бас қалам,
Көрекейе бер күн сайын алға қарай бас қадам.

 

 

Акбопе Танирберген.