Жол картасы

Петропавлда бірнеше қызмет түрін көрсететін стомотологиялық орталық ашылады

Евгений Овчаренко, “Центр лечебной стомотологии” ЖШС бас директоры.

-Келешекте хирургиялық және ортодонтиялық сынды бірнеше қызмет түрлерін көбейтпекшіміз. Соған байланысты мемлекет қолдауына жүгіндік.
“Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында жылдық 14 пайыз мөлшерлемемен 82 млн. теңгеге несие рәсімдедік. Оның 7 пайыздық ставкасы ел қазынасы есебінен өтеледі.

Евгений Овчаренко аталған қаражатқа аумағы 470 шаршы метрді құрайтын 2 қабатты ғимарат сатып алды. Қазір онда ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Алда мұнда 7 кабинет орналасады. Әрбіреуінде жеке қызмет түрлері көрсетіледі.

Наталья Овчаренко, “Центр лечебной стомотологии” ЖШС директоры.

-Емдеу стомотологиясы және косметология орталығында хирургиялық, ортопедиялық қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, онда жеке техникалық лабороториямыз, ортодентикалық кабинет болады. Жаңа құрал-жабдықтарды өз қаражатымызға сатып аламыз.

Осылайша, олар ісін кеңейтіп, білікті 20 маманды жұмысқа алмақшы. Жоспар бойынша емдеу стомотологиясы және косметология орталығы күз мезгілінде қолданысқа берілмекші.

 

Берик Касен.