Мәдениет

Н.Погодин атындағы орыс драма театрына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бұл көрермендер залы 655 адамға шақталған. Жөндеу барысында өнер ошағының директоры Спартак Рамазанов мұндағы орындықтар санын едәуір арттыруды көздеп отыр. Қазір Астана қаласындағы “Саматшоу” серіктестігінен 30 милион теңгеге – дыбыс, 17 милион теңгеге жарық құрылғылары алыныпты. Ендігі уақытта есіктерді ауыстырып, залдағы еденді қаптау мен сахна жабдықтарын жаңалау қалған.

Спартак Рамазанов, Н.Погодин атындағы орыс драма театрының директоры.

-Биыл сәті түсіп, жаңа жылдың басынан облыс әкімі Ерік Сұлтанаовтың қолдауымен 100 милион теңге бөлінді. Ол театрдың материалдық базасын нығайтуға және күрделі жөндеуге бөлінген қаржы. Бүгінгі күні көрермендер залында дыбыс құралдары және дауыс құралдары толығымен ауыстырылды.

Ал кіреберістегі қос фойені ламинатпен едендепті. Орындықтары да жаңадан қапталып жатыр. Сондай-ақ, ғимараттың ішкі жұмыстарынан артылған қаражатқа шатырды да жаңалау жоспарланып отыр. Ал, театр ұжымы мұндағы жұмыстарға қарамастан дайындықтарын жалғастыруда.

Спартак Рамазанов, Н.Погодин атындағы орыс драма театрының директоры.

-Театр ғимаратында жөндеу жүргізіліп жатқан сәтте, біздің творчестволық ұжымның жұмысы тоқтаған жоқ. Күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғасын, “Сұлтан Бейбарыс” атты 550 жылдыққа арналған қойылымды шығарамыз.

Жөндеу жұмыстары тамыздың бірінде аяқталады деп күтілуде. Жөндеуден өткен өнердің қара шаңырағы көрермендеріне жаңа маусымын күзде ашады.


 

Акбопе Танирберген.