Мәдениет

Астананың 17 жылдығы мерекелік от шашумен жалғасты

Әсем Исенова – Қалалық мәдениет үйінің жастармен жұмыс жөніндегі сектордың меңгерушісі.

-Қазір бізде жастарға арналған мерекелік шара өтпек. Онда облысымыздың барлық өнер ұжымдары өнер көрсетеді. Сонымен қатар бүгін бізге қонаққа Көкшетау қаласынан “Джарайд” тобы келіп отыр. Олар 80-ші жылдардағы әндер мен қатар замануи өлеңдерді шырқайды. Ал сағат 23-00-де мерекелік от шашу болады.

Таң атқаннан тойланып жатқан мейрамға ортақтасқан солтүстікқазақтандықтардың көңіл-күйлері жадыраңқы.

Сахнада облысымыздың түрлі өнер ұжымдары ән айтып жатса, жиналған жұрт би билеп думандатуда. Шынымен-ақ, көрші Көкшетаудан келген «Джарайд» тобы жанды дауыспен ән шырқап мерекелік кештің ажарын аша түсті.

Бүгінде өнер ұжымының репертуарында 50-ден астам өлең бар екен. Айта кету қажет, талантты қонақтар біздің қаламызда бұрын-соңды өнер көрсеткен емес.

Ярослав Выставной – «Джарайд» тобының гитаршысы, Көкшетау қаласы.

-Біз тек жанды дауыспен ән айтамыз. Тобымызда 3 вокалшы, екі гитаршы, бір пернеші мен барабаншы бар. Бүгін түрлі жанрларда өлең айтып, солтүстікқазақстандықтарды қуантпақпыз. Олардың көңілінен шығамыз деген ойдамыз.

“Джарайд” тобының өнер көрсетуі ойдағыдай өтуде. Олар шырқаған әндерді дүйім жұрт бірге қосылып айтуда.

Күн батысымен диодты шамдармен көмкерілген костюм киген «Enlight show» тобының жігіттері мерекелік кешті қыздыра түсті.

Талантты жігіттердің тың өнер түрімен айналысып жүргендеріне екі жылдың жүзі болыпты.

Тимур Ережепов – «Enlight show» тобының мүшесі.

-Біз фрикшоу жанрында өнер көрсетеміз. Халықтың көңіл-күйін көтеріп, би билейміз. Олар біздің өнерімізді тамсана тамашалайды.

Антон Дмитриев – «Enlight show» тобының мүшесі.

-Енлайт фрикшоуы барлық қазақстандықтарды осы ғажап мерекемен құттықтайды. Астана туған күніңмен.

Астананың 17 жылдығын тойлау мерекелік от шашумен жалғасты.

 

 

Риат Шони.