МТРА жаңалықтары

Астана күнінде облыстық перинаталдық орталықта 10 сәби дүниеге келді

Ольга Штребель – ана, Петропавл қаласы.

-Астана күнінде қызды болдым. Қуанышымда шек жоқ. Екінші мәрте ана атанып отырған жайым бар. Өзім табиғи жолмен босана алмағандықтан, дәрігерлердің көмегіне жүгіуге тура келді.

Ольга Штребель қызына сәйкес келетін есімді ойластырып жүрсе, айыртаулық Диана Айтымбетова таңдауын жасап қойған. Нәзікжанды ұлын елі мен халқының қалаулы азаматы болсын деген ниетпен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атауды жөн санап отыр.

Диана Айтымбетова – ана, Айыртау ауданы.

-Жалпы мереке күні аталмыш орталықта 9 ана босанып, 10 сәби дүниеге келген. Оның 5-уі ұл бала болса, дәл осыншасы қыздар. Сәбилі болғандардың бірі осы күні егіз балақайды дүниеге әкелген.

Ирина Блохина – облыстық перинаталдық орталықтың бас акушері.

-Қазіргі уақытта аналардың өміріне еш қауіп жоқ, барлығының дерлік денсаулықтары бірқалыпты. Бұйыртса, мейрам күні балалы атанған аналарды 3-4 күннен соң үйлеріне жіберетін боламыз.

Айта кетейік, жыл басынан бері теріскейде 2416 сәби өмірге келіпті.

 

 

Бакыт Садуакасов.