МТРА жаңалықтары

Қызылжар ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Григорий Сергеев, “Миг” ЖШС директоры.

-Ғимараттың корпусы металл құрылымдармен және сэндвич панелдермен қапталған. Спорт кешені баскетбол мен волейболға арналған және күрес, бокс сондай-ақ, ауыр атлекикаға арналған екі үлкен залдан тұрады. Тұрғындар разы. Олар үшін мерекеде үлкен сыйлық болды деген ойдамын.

Сөйтіп, құрылысы аяқталған кешен бүгін халық игілігіне берілді.

Таспа кесіліп, кешеннің есігі келушілерге айқара ашылды. Бұл залда қазір волейболдан облыстық және Қызылжар ауданының қыздар командасы жаттығып жатыр.

Жанат елеусізов, дене шынықтыру-сауықтыру кешені директоры.

-Кешенде футбол, волейбол, күрес және фитнес клубтар жұмыс істегелі жатыр. 00:29 Бұл жерде жастарға да ересектер ге есігіміз ашық, тегін. Кейбір секцияларға абонементтік төлем қарастырылған.

160 көрермен мен 300 спортшыға шақталған кешеннің ашылуын бәрінен бұрын спортқа жақын жастар асыға күткен. Сондықтан да болар олар өз қуаныштарын жасырмады.

Ардақ Касенова.

-Мысалы біз бүгін ғана Қарағанды қаласында волейболдан студенттер арасында өткен универсиададан 1-ші орынды жүлделеп келдік. Елге келсек, мынадай зал ашылыпты. Қуаныштымыз енді осында жаттығатын боламын.

Рахат Жүсіпеков.

-Мен 3 жылдан бері бокспен айналысамын. Екі дүркін облыс чемпионымын. Бұрын мектепте дайындалатынмын. Осындай залды армандадық. Бүгін қолымыз жетіп отыр.

Қызылжар ауданында жалпы саны 2500 оқушы спортпен шұғылданады екен. Ендігі уақытта олар мұнда тегін әрі облыстың еңбегі сіңген бапкерлерінің қарамағанда жаттығатын болады.

 

Акбопе Танирберген.