Бизнес және экономика

“20 жылдыққа – 20 ізгі іс”

Талғат Қожахметов, BI Group construction холдингінің басқарма төрағасы.

-Біз Қазақстанның 14 облысында жүзеге асырудамыз.

Мұндағы әр әткеншекке арнайы тұтқалар мен қауіпсіздік белдіктері орнатылып, кем-тар балалардың еркін ойнауына ыңғайлы етіп жасалған. Ендігі кезекте, жеткіншектер бір уақыт аулаға шығып ойнайтын болды. Түрлі-түсті құрылғылардың әкелінгеніне мекеме басшылығы дән риза.

Айгүл Ахметова, СҚО балалар психоневрологиялық интернат үйінің директоры.

-Мен Би Ай груп конструкшн компаниясына зор алғысымды білдіремін. Бұл алаңқайға қыста сырғанақ пен мұз айдынын құятынбыз. Мұндай құрылғылар болған емес. Енді балалар қысы жазы жаңа әткеншектерді теуіп, ойнайтын болды. Айта кетейін, аталмыш холдинг балалардың тізімін де алды. Әр тәрбиеленушінің туған күніне сыйлықтар мен тәттілер жіберіп тұрмақшы. Ал, бүгін шаңсорғыш пен теледидар тарту етті. Ауқымды көмектері үшін, зор алғыс білдіремін.

Бұл күні Аққайың ауданына қарасты Астраханка селосында да дәл осындай балалар алаңқайы ашылды.

Бұл елді-мекенде 1074 жерлесіміз тұрады. Олардың 140-тан астамы мектеп оқушылары. Бұрын селода балаларға арналған алаңқай болмаған екен.

Өмірсерік Ахметжанов, Астраханка ауылдық округының әкімі.

-Компания бізге демеушілік танытып отыр. Бұл алаңқайдан өзге жастарға арнап футбол мен волейбол алаңдарын орнатып берді. Әкімдік пен “Жеңіс” ескерткішінің алдына асфальт жолдарын жайды. Бұл үшін үлкен рахметімді білдіргім келеді. Жұмыстары тек оңға бассын.

Алаңның іші үлкенді-кішілі жеткіншектерге толды. Күннің суығына қарамастан олар әткеншектерге отырып, ойнап жүр. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге Би ай груп компаниясының қызметкерлері түрлі тәттілерді үлестірді.

-Маған өте ұнады. Керемет. Орнатып жатқан кезде, мұнда қашан келесіз деп ойлаушы едім. Көп ұзамай міне қолымыз жетті.

-Бізде енді балақайларға арналған ойын алаың бар. Қуаныштымыз. Жақсы болды. Балалар үйде компьютердің алдында отырмай, осында бойларын жазады.

Ал, келесі жылы “БИ Ай груп” холдингінің өкілдері бұл алаңның айналасына жасыл өскіндер егіп, орындықтар орнатып, әдемі аллеяға айналдырмақ. Сондай-ақ, мұндай балалар алаңқайы Келлеровка елді мекенінде де ашылды. Айта кету керек, жеткіншектерге арналған алаңдардың аталған елді-мекендерде салынуы кездейсоқ емес. Қазір құрылыс компаниясы “Келлеровка-Астраханка-Петропавл тас жолын жөндеумен айналысуда. Олар бұл бағыттағы шаруаны осы жылдың соңына дейін аяқтамақшы.

 

 

Акбопе Танирберген.