Спорт

Астана күнін тойлау мерекесі Пестрое көлінде жалғасты

Влад Карпов – түрлі-түсті бояулар” фестивалінің ұйымдастырушы.

-Біз, бұл фестивальді биылдыққа осымен екінші рет өткізіп жатырмыз. Басты мақсатымыз – жастардың көңілін көтеру. Мерекені тойлауға ауа райы кедергі болмайды деп шештік. Шынымен-ақ, мұнда келушілердің қатары қалың.

Фестивальға жиналғандардың дені жастар. Олар мерекелік шарада би билеп, достары мен таныстарына алуан түсті бояуды жағып әлек.

-Мерекелік фестиваль өте жақсы өтуде. Жастар көңілді. Астана күні құтты болсын.

-Бұл жерге достарыммен келдім. Өзім алғаш рет қатысып тұрғандықтан, шара көңілімнен шықты. Алдағы уақыттарда осындай фестиваль өтетін болса міндентті түрде келемін.

Дәл осы кезде мерекеге арналған веложарыс та басталып кетті. Додаға қатысушылар Пестрое көлі аумағынан жол полициясының оңтүстік бекетіне дейінгі арақашықты жүріп өтті.

-Владимир Парахин – ұйымдастырушы.

-Веложарыс елордамыздың туған күніне орай ұйымдастырылды. Оған қатысушылардың жалпы саны 100-ге жуық. Араларында спортшылармен қатар әуесқойлар да бар. Олар 5 километрді құрайтын тас жолда жарысуда.

Мерекелік велододаға бел буғандардың арасында аға буын өкілдері де баршылық. Жастармен күш сынасу үшін Сергей Кручина да келген. Велоспорттан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы аталмыш сайысқа ат салысып, мерекені көңілді өткізгенді құп көрген.

Сергей Кручина – Велоспорттан обылыс құрамасының аға жаттықтырушысы.

-Жарысқа қатысып жатқандардың дені жастар. Мен де бағымды сынайын деп шештім. Алдыңғы қатардан көрінемін деген ойдамын. Жеңіске жетсем, оны бас қаламызға арнайтын боламын.

Веложарыс қорытындысы бойынша түрлі аталымда үздік шыққандар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

Култанов Байболат.