Бизнес және экономика

Якорьда шұжық және жартылай ет фабрикаттарын өндіретін цех ашылды

Болат Жұмабеков – Қызылжар ауданыны әкімі.

-Шағын және орта бизнестің алға басқаны жақсы. Барлықтарыңызды бүгінгі цехтың ашылуымен құттықтаймын.

Жалпы кәсіпорын “Бизнестің жол картасы 2020” бағдарламасы аясында ашылып отыр. Жоспар бойынша мұнда айына 5 тонна жартылай фабрикатталған тұшпара және манты әзірленеді деп күтілуде.

Марика Безуглова – “Марика” ЖК директоры.

-Цехты ашу үшін 45 миллион теңге жұмсадық. Оның 8,5 миллионына мемлекеттік “Өндіріс” бағдарламасы бойынша қол жеткіздік. Кәсіпорынымыз барлық санитарлық талаптарға жауап береді. Таза ет өнімдерімен жұмыс істейміз. Дайындалған тауарларымызды қала және барлық обылыс аудандарына шығару ойда бар.

Цехта бүгінгі күні 7 адам жұмыс істейді. Барлығы Якорлық тұрғындар. Евгения Базакина цехтың ашылғанына қуанышты. Өйткені, осы уақытқа дейін жерлесіміз қалаға қатынап жұмыс істепті. Енді, жолға да ақшам кетпейді, оның үстіне кәсіпорын өзіміздің ауылда дейді

Евгения Базаркина – “Марика” ЖК нан жапсырушысы.

-Бұрын жұмысым қалада болатын. Қазір өзіміздің ауылда жұмыс орыны ашылғасын осында келдім. Жұмысым көңілімнен шығады. Күніне 25,32 килограмға дейін тұшпара дайындаймыз. Жалақы жағдайы да жақсы.

Өндіріс ошағының жұмыс істеуі ауыл тұрғындарына да қол болды. Олар жартылай фабрикаттарды қаладан тасымай, ауылдағы кәсіпорыннан тұтына алады.

-Людмила Ращепкина – Біздің ауылда цехтың ашылғаны өте жақсы болды. Енді қалаған өнімді осы жерден аламыз. Бағасы да қаланыкі мен бірдей.

-Нина Белопухова – Цех ашылысымен қаншама ауыл тұрғыны жұмысқа тұрды. Бұл дегеніміз өте жақсы. ауылымыз да көркейетін болды.

Кәсіпкер болашақта цехтың қуатын арттырмақшы. Қырқүйек айынан бастап мұнда шұжық өндірілмек. Ол үшін заманауи құрылғылар шетелден алыныпты. Қазір жеке кәсіп иесі дайын өнімді тұтынушыға жеткізу үшін обылыс аумандағы сауда нүктелерімен келісімшартар жүргізуде

 

 

Култанов Байболат.