Без категории

СҚО мемлекеттік мұрағатында “Қызылжар-Петропавл” атты көрме ашылды

Сәуле Мәлікова – Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының директоры.

-Көрмені әзірлеуде біз басқа елдердің және де өзіміздің мұрағатттың құжаттамаларына жүгіндік. Сонымен қатар қаладағы өткен ғасырда салынған ғимараттар жайлы сыр шертетін буклеттер шығардық.

Бұл буклеттерде де қаламыз жайлы мол ақпарат жазылған. Өткен ғасырларда салынған ғимараттардың бұрынғы суреттерімен қазіргісі бейнеленген. Буклеттер арқылы Петропавлға келген қонақтарға шаһарымызды таныстыруға болады. Мәселен қазіргі Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан орталық сауда дүкені жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында салынған. Өткен ғасырдың отызыншы жылында бұл ғимарат облыстық атқару комитетінің кеңсесі болған. Мұнда 1934-1937 жылдары Қарағанды және СҚО-тық комитетінің бірінші хатшысы Максим Амосов еңбек еткен. Бұл маңызды құжаттарды әзірлеу біраз уақытты талап етіпті.

Мереке Баймұқанов – Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының бөлім бастығы.

-Букллеттерді біз өзіміздің мұрағатымыздағы құжаттар мен деректерден әзірледік. Оған уақыт көп кетті. Жаңа жылдан кейін жұмыс жасадық.

Әзірге шығарылған буклеттердің данасы 15. Орыс тілінде. Алдағы уақытта оның санын арттыру жоспарлануда.

 

 

Риат Шони.