Бизнес және экономика

СҚО-да асфальт-бетон қоспаларын өндіретін зауыт іске қосылды

Арис Иердиканов, “Astec” компаниясының инженер-жобалаушысы, АҚШ.

-Зауыттың қуатылығы күшті. Онымен кез-келген температураға қарамастан асфальт-бетон қоспасын шығаруға болады. Біз бұл заутты орнатпас бұрын алдымен теріскейдің климаттық ерекшелігін зерттеп алдық. Соған сәйкес, өнімге қосылатын материалдардың құрамын өзгертіп отыруға болады. Және зауыттың көмегімен бұрынғы асфальтқабаттарын өңдеп, қайта кәдеге жаратуға мүмкіндік бар.

Қондырғы жылына 80 мың. тонна жылы асфальт-бетон қоспаларын шығаруға қауқарлы. Индустриаландыру картасының 2-ші бесжылыдығына енген жобаның тұсауын облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко кесті.

Биыл өңірімізде 300 шақырым автомобиль жолдары жөнделеді. Жаңадан іске қосылған бұл зауыт өңірдің асфальт -бетон материалына деген қажетілігінің 70 пайызын жабуға қауқарлы.

Игорь Гришанов, “Фирма Универсал” ЖШС құрылтайшысы.

 

-Жобаның құны 750 млн. тг. Бұл зауыт сағатына 160 тонна асфальт -бетон қоспасын шығарады. Біз алдағы уақытта осы материалды жол құрылысымен айналысатын компанияға батыл ұсына аламыз. Өйткені, олар сапа мен баға жағынан ұтылмайды. Одан қалды асфальт -бетон қоспасынан жасалған жол қабаты ұзақ жылдарға шыдас береді.

Жиын соңында зауыт басшылығы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, “ҚазАвтоЖол” АҚ мен “Петропавл жолдары” ЖШС-гі жиыны 4 мекеменің өкілімен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандум жасасты. Құжатқа қол қойған компаниялар алда өңір жолдарын жөндеуде осы зауттың өнімін пайдаланатын болады.

Берик Касен.