Бизнес және экономика

Өңіріміздің 13 ауданындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының базасында мобильді топ жұмыс істей бастады

Асқар Әбубәкіров, ҚР ҰКП бизнеске сервистік қолдау көрсету департаментінің директоры.

-Тұрғындар бағдарламаның атауын білсе де мазмұнын білмейді.

Елордалық мейман өңірімізде жеке бизнесін ашуға құлықты азаматтардың қатары қалың, бірақ олар осы бастан, бизнес-кеңесші жобасы мен сервистік қызметтерге жүгініп құқықтық, қаржылық сауаттылығын арттырса игі дейді.

Асқар Әбубәкіров, ҚР ҰКП бизнеске сервистік қолдау көрсету департаментінің директоры.

-Осы орайда тұрғындарға бизнестің сырын қарапайым етіп түсіндіре алатын білікті мамандар қажет. ҚР ҰКП бизнеске сервистік қолдау көрсету департаментінің директоры бұл бағыт бойынша 188 аудандағы мамандарды онлайн-режимде күн сайын оқытып жатырмыз дейді.

Гүлгүл Төлешева, «Солтүстік Қазақстан» гезетінің аға тілшісі

Асқар Әбубәкіров, ҚР ҰКП бизнеске сервистік қолдау көрсету департаментінің директоры.

-Айтпақшы, маусымның 26-нан өңіріміздің 13 ауданындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының базасында Мобилді топ жұмыс істей бастады. Олар
тұрғындардың өтініші бойынша елді-мекендерге шығып, әркімге жеке-жеке бизнеске қатысты сұрақтар бойынша тұшымды жауап береді. Және құжат рәсімдеу, бастаған идеясын аяғына дейін жеткізіп, өз ісін ашуға дейін көмек береді. Жалпы биыл 6 айдың ішінде осындай демеуге 5500-ден астам солтүстікқазақстандық жүгініпті. 29 пайызы бизнесмен.

 

 

Берик Касен.