Бизнес және экономика

Өңірімізде кірпіш шығаратын зауыт іске қосылды

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі.

-Бас қаламыз Астананың туған күні қарсаңында біз тағы бір өндірісті іске қосқалы жатымыз. Кірпыш шығаруды қолға алған «Алаугаз» ЖШС индустрияландыру картасының екінші жартыжылдығында іске қоысып отырған 9-шы кәсіпорын. Бүгінде облыста кірпішке сұраныс жоғары. Отандық кәсіпорын осы қажеттілікті төмендетуге ерекше үлес қосатын болады.

Құттықтау сөзден соң өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов өндірісті іске қосты.

Мұндағы қондырғылардың дені Қытайдан әкелінсе, қалғаны өзімізде құрастырылған. Оны зауыттың механикалық цехы кірпіш шығаруға лайықты етіп арнайы жасапты.

Анатолий Слепцов- «Алаугаз СК» ЖШС цех басшысы.

-Кірпішті кесетін, оны қалайтын қондырғылар, қозғалмалы желі біздің цехта жасалды. Монтаждау жұмыстарына да қатыстық. Ең бастысы кірпіштің сапасы жақсы болса болғаны. Өйткені жұмыстың көрсеткіші мен сұраныстардың зор болуы соған қатысты болмақ.

Жалпы бұл өңірде ашылып отырған бірегей зауыт болып отыр. Кірпіш шығаратын кәсіпорын бұрын-соңды теріскейде болған емес.

Мағжан Ахмадина- тілші.

-Ең алдымен кірпіш жасауға қажетті барлық компоненттер мына жерге топтастырылады. Оның ішінде өзіміздің балшық та бар. Кейін мына қондырғы арқылы өтіп, мына жерде араластырылады. Ал құрылысқа қажетті материалды дайын күйінде алу шін, өнім әлі бірнеше процестен өтуі тиіс.

Кейін ол қатты қысымның әсерінен қалыпқа келіп, кесіледі. Тек содан соң кептіріліп, күйдіріледі. Жалпы бір кірпіш жасау үшін 24 сағат қажет. Мұнда бір желіде 13 құрылысқа қажетті осындай материал жасалады. Зауыт басшылығы өндірісті мемлекет қолдауынсыз іске қосу мүмкін болмас еді дейді. Олар «Бизнестің жол картасы- 2020» бағдарламасы арқылы 25 млн теңге несие алыпты.

Александр Фельдман- «Алаугаз СК» ЖШС директоры.

-Біз құрылысты 2012 жылы бастаған болатынбыз. Міне 3 жыл дегенде зауытты ашып жатырмыз. Егер мемлекет қолдауы болмаса, одан да ұзақ мерзімге созылар еді. Сондықтан бүгіндері елімізде кәсібін дөңгелетемін дегендерге бар жағдай жасалған. Қазір облыста тұрғызылып жатқан құрылыс нысандары көп. Сол себепті өніміміз жоғарғы сұранысқа ие болады деген үміттеміз.

Зауыт керамикалық кірпіштерді ресейлік технология бойынша жасамақ. Жалпы жаңа өндірістің іске қосылуы қосымша 60 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік берген. Бүгін кәсіпорынның салтанатты ашылуына жиналған қауым, тағы бір оқиғаның куәгері болды. Серіктестік өңіріміздің бірнеше құрылыс компаниясымен әріптестік жөнінде мемеорандум жасасты.

Сергей Тимофеев- СҚО құрылысшылар қауымдастығының төрағасы.

-Бұрындары біз кірпішті көршілес Ақмола облысынан таситынбыз. Енді өзімізде зауыт ашылғаны жақсы болды. Материалды бірнеше шақырым жерден тасымай өзімізден алатын боламыз. Ол тиімді, құрылыс материалының сапасы да жақсы.

Жалпы жоба құны- 328 млн теңгені құрайды. Зауыт жылына 3 млн 600 мың дана кірпіш шығаруды көздеп отыр. Алдағы уақытта мұндағылар оның санын 6 млнға дейін жеткізуді көздейді.

 

 

Магжан Ахмадина.