Спорт

Астана күніне орай ардагерлер арасында бильярдтан сайыс өтті

Анатолий Корабельников – Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

-Бұл сайыста 4 құрама, оның ішінде 25 ардагер өзара мықтыны анықтауда. Қатысып жатқан құрамалардың қатарында облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, Ішкі істер және Ұлттық Кәуіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері бақ сынауда. Негізі, белсенділік жағы жақсы дер едім.

Бәсекелі тартыста ардагерлер бильярдтың кең тараған “Пирамида” түрі бойынша сайысты. Бұл ойынның тәртібіне сай 70 ұпай жинаған адам жеңіске жетеді. Қала тұрғыны Оспан Байтеміров бильярд сүйікті ермегіме айналды дейді.

Оспан Байтеміров – сайысқа қатысушы.

-Жарыс көңілімнен шықты. Жалпы, сайыс басталмас бұрын досыммен бір-екі рет ойнап байқап көрдім. Өйткені, соңғы рет қолыма бильярд таяғын ұстағаныма көп уақыт өтіпті.

Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындарды облыстық Ішкі Істер департаментінен қатысқан үш команда жеңіп алды. Топ жарғандар кубок және алғыс хатпен марапатталды.

 

 

Сагыныш Маркашева.