МТРА жаңалықтары

“Жасыл ел” еңбек отряды өз жұмысын бастады

Іске білек сыбана кіріскендердің дені жастар. Олар осымен екінші күн ормандағы тазалық жұмыстарымен айналысуда. Жасақ мүшелері бей-берекет өсіп кеткен ағаш бұтақтарын бұталап, арнаулы жерге тасуда. Әсел Шияпова биылғы жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ 2 курс студенті. Әсел жазғы демалысын бос өткізбей “Жасыл ел” құрамына қосылған.

Әсел Шияпова – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенті

– Біз орманды бұтақтардын тазалап жатырмыз. Біздегі балалар ұйымшыл.

Жалпы шілде айында «Жасыл ел» еңбек отрядының құрамына кіруге солтүстікқазақстандық 278 жас ниет білдірген. Олардың 14-і “Қызылжар мемлекеттік орман мекемесінде” еңбек етеді. Отряд қатарына қосылушылардың саны күн санап артуда. Алдағы уақытта жұмысшы жастардың саны 50-ге дейін көбеймек.

Рүстем Жанахметов – “Қызылжар мемлекеттік орман мекемесінің” инженер-орманпатологы

– Жұмыстар бірінші шілдеден басталды. Жастардың атқаратын істері орман тазалығы, мекеме аумағында отырғызылған өсімдіктер мен жемістерді күту. “Жасыл ел” жауынгерлері бізге қосымша күш болды. Олардың арқасында аумағымызды тазарттық.

Ағымдағы жылы “Жасыл ел” еңбек жасағына облыстық бюджеттен 9, ел қазынасынан 6 милион теңге бөлінген. Осы қаражаттан жұмысшы жастарға еңбек ақы төленбек.

Асқар Баймұқанов – «Жасыл ел» облыстық штабының жетекшісі

– Биылғы жылы обылыс аумағындағы 9 ауданның 12 орман шаруашылығына 323 жасты жұмысқа тұрғызу ойда бар. Олардың айлық жалақылары 40 теңге болмақ. Бұл-жазғы уақытта әр бір адам үшін қомақты ақша. Негізі “Жасыл ел” құрамына 16-29 жас аралығындағы ерікті кіре алады.

Өткен жылғы көрсеткіш бойынша “Жасыл ел” еңбек отрядының арқасында обылыс көлемінде 800 гектар орман тазартылыған. Және 7 мыңға жуық көшет отырғызылыпты.

 

 

Култанов Байболат.