Спорт

Петропавлда аула құрамалары арасында “PetroCup” турнирі басталмақ

Асхат Гумиров- “Қазақстан болашағы үшін” қоғамдық-студенттік бірлестігінің басшысы

– “Petrocup” турниры арқылы барлық футбол сүйер жандардың басын бір жерге қоса аламыз. Жарысқа кез-келген аула құрамасы қатыса алады. Тек қана 5 ойыншыдан жасақталған команда болса болғаны. Турнирда жеңімпаз болған ұжым облыс чемпионы атағын жеңіп алмақ.

Жарысқа қатысуға жалпы саны 39 команда ниет білдірген. Олардың барлығы топтық сайыста сынға түсіп, финалдық кезеңге 16 құрама жолдама алады. Жеңістен дәмелі футболшылар арасында Николай Тихненкода бар. Ол турнирға “Южный Сибирь” командасын бастап шықпақ.

Николай Тихненко-“Южный Сибирь” құрамасының капитаны

 

– Турнирға қатысуға өз құрамамызды жасақтадық. Барлығы аулада ойнап жүрген жігіттер. Қарсыластарымыз мықты. Өз арамызда футбол ойнап дайындық жүргізудеміз. Жеңіске жетеміз деген сенім бар.

Іріктеу нәтижесінде Николайдың командасы “МФК Бескөл” құрамасымен ойнайтын болды. Жалпы жарыс шілде-тамыз айларында өткізілмек. Турнир 4 шілде күні “Жеңіс саябағында” орналасқан футбол алаңында басталады.

Култанов Байболат.