Билік

Петропавл қаласының әкімі М.Тасмағанбетов тұрғындармен кездесті

Марат Тасмағанбетов – Петропавл қаласының әкімі

– Сіз Шухова 2А мекен жайындағы үйдің подъезінде пандус орнату қажеттігін айтқан болатынсыз. Өйткені 50-ші пәтерде Ұлы Отан соғысының ардагері, 1-ші топтағы мүгедек тұрады. Сонымен қатар подъездердің алдына асфальт төсеу керектігі айтылған.

Қазіргі таңда Нағима Жангужинаның өтініші жерде қалмай, барлық жұмыстар тыңғылықты орындалыпты. Бұған нәзік жанды ризашылығын білдірді. Сондай-ақ есептік кездесуде көптеген сұрақтар жолаушыларды тасымалдауға қатысты түсті.

Борис Самусев – Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушысы

– Қала әкімінің есептік кездесуінің бірінде колледж өкілі ретінде 2 ұсынысымызды білдірдім. Алғашқысы ол 6-шы маршруттың қозғалысын бір ретті қылу. Өйткені ол қоғамдық көліктің жүру уақыты әр түрлі болды. Салдарынан студенттер сабаққа кешігіп жүретін. Екінші ұсынысымыз ол Театральнаядағы Кәрім Сүтішев көшесіне бұрылыстағы жолда жылдамдықты шектеу мен жаяу жүргіншілер деген белгіні орнату. Себебі көлік тізгіндеген көптеген жастар желмен жарысады. Қазір барлық сұрақтар өз шешімін тапты. Оған қала басшылығына алғысымды айтамын.

Айта кету қажет, биылғы жылы 25 М маршруттың қозғалыс кестесі өзгерген болатын. Аталған қоғамдық көлік Мир көшесімен емес Уәлихановпен қатынаған. Бұл ретте халық наразылық туғызып, бұрынғысын қайтаруды талап еткен.

Галина Семенова – “СҚО Автокөлiк одағы” қауымдастығының төрайымы

– Мир көшесінде көлік қозғалысы қаптап кеткендіктен ведомствоаралық комиссияның шешімімен 25 М маршрутын Уәлиханов көшесімен жіберу ұйғарылды. Бұл өзгеріске көптеген жолаушылардың көңілі толмады. Кейбір қоғамдық көліктерге керісінше ыңғайсыздық туғыздық. Сонымен қатар Уәлиханов көшесінде 25 М маршрутына сұраныс бола қойған жоқ. Кейін ведомствоаралық комиссия ол маршрутты бұрынғы кестесіне қайтаруды шешті.

Жалпы қала әкімі Марат Тасмағанбетовтың халық алдындағы есеп беруінде тұрғындар тарапынан 320 тілек-өтініш білдіріліпті. Қазіргі таңда оның 165-і бақылауға алынған.

 

 

Риат Шони.