ТЖ

«Пицца хаус» дәмханасында шыққан өрттің себептері анықталуда

Нұрлан Атығаев- СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

– Біріншіден ол мангалдан шығауы мүмкін. Екіншіден ол өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болып отыр деген жорамал бар. Әр өрт сөндіруші өзінің міндетін біледі. Ауа райы да ыстық болды. Шаршады.

Тағы мамандар дәмхананың шатыры андулин деген материалмен қапталған дейді. Ал ол тез тұтанғыш болып табылады. Сондықтан болар, қас қағым сәтте, ойын- сауық кешенінің күлі көкке ұшқан. Бұдан бөлек, құтқарушылар өрт жайлы кеш хабарланды деп отыр. Оның үстіне аулаға қойылған көліктер өрт сөндіру машиналарының жақындауына кедергі келтірген. Десе де, сол күні көпшілік өрт сөндірушілердің жұмысына наразалық білдірген болатын. Мамандардың бұл туралы өз пікірі бар.

Николай Белоусов- СҚО ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары

– Олар алдына қойылған басты мақсатты жақсы орындап шақты, яғни адам өлімін болдырмады. Екінші кезекте олар газ баллондарының да жарылуына жол берген жоқ. Егер олар жарылса, онда адам шығыны да, өрттің ауқымы да үлкен болар еді. Тек содан кейін ғана өртті сөндіріп, оттың пәтерлерге өтіп кетпеуіне жағдай жасады. Құтқарушылар өз өмірлерін қатерге тіксе де, үйдің жанып кетпеуін болдырмады.

Айта кету керек, қазір баспана шатырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ал дәмхана жекеменшікте болғандықтан ол сақтандырылған. Жиын соңында жаңадан құрылғалы жатқан жедел- құтқару отрядының жұмысы жайлы да айтылды.

 

Магжан Ахмадина.