Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елбасы Н.Назарбаевтың рұқсатымен СҚО-да комбайн құрастыратын зауыт іске қосылды

Сәбит Шакенов, “Казтехмаш” Машина жасау зауыты” ЖШС бас директоры

– Самрұқ-Қазына инвест компаниясы Финляндия және Польша серіктестерімен бірлесіп жаңа астық жинайтын техника зауытын іске қосуға дайын. Қазақстанға жылына 1,5 мың дана жоғары класты комбайн қажет. Жобаны іске қосу бұл қажетіліктің төрттен бірін толтырады. Алдағы уақытта Ресейдің шекаралас өңірлеріне экспорттаймыз. 2018 жылы комбайндағы отандық бөлшектер 60 пайызға дейін жетеді.

Индустриаландыру картасы аясында іске қосылған жобаның құны 1 млрд. 950 млн. тг. тұрады. Оны бүгінде жерлестеріміз финляндиялық және польшалық компаниялармен бірлесіп атқаруда.

Микко Левяйярви, “Sampo Rosenlew Ltd” фин компаниясының бас технологі

– Құрметті Н.Ә.Назарбаев сіз шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптастырдыңыз. Сізге сол үшін алғысымды айтамын. Бүгінде сіз қолға алған индустрияландыру және 5 институционалдық реформа аясында біз Қазақстан нарығына еркін ендік. Бағдарлама осы күні жемісін беріп, міне, алғаш рет бірлесіп зауыт ашып жатырмыз.

Бұл жоба елбасы ұсынған индустрияландыру картасы бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Сондықтан зауытты іске қосу құрметі жалпыұлттық телекөпір байланысы арқылы Президент – Н.Назарбаевқа берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті

– Қазақстанға жыл сайын ауылшаруашылығы техникаларын шығаратын зауыт қажет. Істеріңіз оңға басып, егістік алқаптарда өнімділігі жоғары комбайндар жүйтки берсін. Сіздерді зауыттың ашылуымен құттықтаймын!

Солтүстік Қазақстан жерінде алғаш рет құрастырылған “Sамpо Аsіа” деп аталатын мына комбайнды жерлестеріміз Финляндиялық мамандарымен бірлесіп жасады.

Сәбит Шакенов, “Казтехмаш” Машина жасау зауыты” ЖШС бас директоры

 

– Біздің негізгі әріптестеріміз финляндиялық “Sampo Rosenlew Ltd” және польшалық “Рrоnаr” еуропа бойынша ауылшаруашылығы техникаларын шығаратын алдыңғы қатарлы компаниялардың бірі. Сондықтан олардың технологияларына бекерден көңіл бөлініп отырған жоқ. Біздің мақсатымыз сол технологияларды Қазақстанға жеткізіп, отандық мазмұнды арттыру.

Сатылымға шығарылғалы жатқан алғашқы “Sамpо Аsіа” маркалы комбайнның қуатылы джондир, ню холн сынды алдыңғы қатарлы машиналардан еш кем түспейді. 5-ші кластағы комбайн нарықта бекітілген бағамен сатылмақ. Қазір ҚР АШМ-лігі техниканы субсидиялау жағын қарастыру үстінде. Жоспар бойынша құрастырылған 5-ші кластағы “Sамpо Аsіа” комбайндарымен бірінші кезекте СҚ, Қостанай, Ақмола, ШҚ, Павлодар облыстары аграрилерінің сұранысы толығымен қанағаттандылымақ. Одан кейін Ресейдің көршілес жатқан өңірлеріне экспорттау көзделуде. Сондай-ақ, астық тиегіш бункерлер, тырма, малға қажетті жем-азықты тасымалдаушы трактор тіркемесі, шөп шабатын және оны тығыздайтын агрегаттың 10 шақты аталымы осы кәсіпорынның іргесінде құрастырылатын болды. Бүгінгіде кәсіпорын өндіріске қажетті жабдықтардың 75 пайызын Финляндия, Австрия және Польшадан алдыртады. Қалған бөлшектер өзімізде жасалады. Шетелдің саймандары онша қымбат емес әрі сапалы дейді мұндағылар. Десе де импорттық тауарға тәуелділіктен арылатын күн алыс емес. Әзірге мұнда 55 адам еңбек етуде. Оның 8-і жуықта Финляндия, Польша елдеріндегі ауылшаруашылығы техникаларын жасайтын зауыттарда тағылымдамадан өтіп келді.

Ерболат Нұғыманов, “Казтехмаш машина жасау зауыты” ЖШС бөлшектерді құрастырушы шебері


– Алдымен агрегаттарды жинап үйрендік. Қазір біз қатарымен 5 комбайнды құрастырып жатырмыз. Жұмысым өзіме ұнайды. Жалақысы да жаман емес.

Ашылған жергілікті зауыт жылына 400 комбайн шығаруға қауқарлы. Биыл 50, мүмкіншілік болып, сұраныс артып жатса, 100 комбайн құрастыру жоспарда бар.

Берик Касен.