МТРА жаңалықтары

Жиһаздар құрастыратын “Сединкин” ЖК 5 айда 1,5 млн. теңгенің өнімін шығарды

Ал өндірістік цехтағы 4 шебер сызбаға қарап, қолдың ептілігімен және Ресей, Қытай, Германиялық заманауи қондырғылардың көмегімен мынадай әдемі құралмалы жиһаздар жасайды. Талғамы жоғары тұрғындардың көңілінен шығу үшін мұндағылар материалдарды шетелден алдыртады екен.

Александр Сединкин, жеке кәсіпкер

 

– Шеберхана 2008 жылдан жұмыс жасайды. Біз мүлікті Италия, Ресей, Корея, Қытай елдерінен шыққан материалдардан құрастырамыз. Оған тұтынушылардың сұранысы жоғары. Тауарымызды еліміздің әр аймағына сонымен қатар көршілес Омбы облысына жөнелтеміз.

“Сединкин” ЖК-гі жиһазының көп бөлігін Астанаға жолдайды. Елордалықтар көбінесе кеңсе жиһаздарын сұрататын көрінеді. Мысалы, былтыр 100 тапсырыс берушінің өтінішін орындаса, соның 60 пайызы еліміздің бас шаһары тұрғындарының сұранысы.

Дмитрий Леонгард, “Сединкин” ЖК бригадирі

– Бұл іспен айналысып жүргеніме 15 жылдың жүзі болды. Соның 5 жылын осы цехта өткіздім. Жұмысым шығармашылықты, шеберлікті, ептілікті талап ететді. Ол сонысымен маған қызық. Біз бір жиһазды 3-4 күн ішінде құрастырып шығамыз.

Былтыр “Сединкин” ЖК-гі 3 млн. теңгені өнімін шығарса, осы жылдың 5 айында 1,5 млн. теңгенің тапсырысын орындапты. Соның 700 мың теңгесі астаналықтарға тиесілі.

 

Берик Касен.