МТРА жаңалықтары

Тимирязев ауданындағы «КЭСС» ЖШС ұн үгу комбинатын жаңғыртты

Еркін Базарханов – Тимирязев ауданының әкімі

 

– Халықты қажетті азық-түлікпен, өніммен қамтамасыз ету, бұл ел Үкіметінің алдыңғы стратегияларының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Республикамыз азық өнімін сырт елдерге жеткізетіндердің бірі. Оған мына комбинаттың жаңғыртылуы дәлел. Серіктестік ұжымын жаңашылдықтарымен құттықтаймын әрі, алдағы уақытта да табыс тілеймін.

Бүгінгі таңда серіктестікте 130 адам еңбек етуде. Енді орнатылған жаңа құрылғының арқасында тағы 100 маман жұмыспен қамтылмақ. Кәсіпорынның жақсы жұмыс істеп тұруы, ауданның экономикалық дамуына да оң әсерін тигізуде.

Иса Аллахяров – «КЭСС» ЖШС бас директоры, Тимирязев ауданы

– Біздің өтінішіміз облыс әкімі Ерік Сұлтановтың арқасында жылдам мақұлдады. Серіктестікке келген кезде де жұмысымызды өз көзімен көріп, алғысын білдірді. Мен бар әріптестеріме, серіктестік ұжымына алғыс білідремін. Біз бұл табысқа бірге жеттік.

Ұн үгу комбинатын жаңғырту кәсіпорын жұмысына тың серпін бермек. Егер бұрындары серіктестік тәулігіне 600 тонна ұн өндірсе, енді жаңа құрылғының арқасында бұл көрсеткіш екі есеге өспек.

Василий Медведев – «КЭСС» ЖШС қызметкері, Тимирязев ауданы

 

– Бізге ұнға толы қаптарды әкеледі. Біз оларды қоймаға апарып кейін, вагондарға тиейміз. Осыған дейін бәрін қолмен атқарғанбыз. Енді жұмыстың жартысы автоматтандырылан.

«КЭСС» ЖШС ұжымы үшін аудан әкімдігімен өзара әріптестік жөнінде меморандум жасасу да маңызды оқиға болды. Маңызды құжатқа сәйкес ішкі нарық ұнмен қамтамасыз етіліп, оның бағасы тұрақтандырылатын болады.

Аграрлы сектордың дамуы бұл еліміздің табысты болуының кепілі. Бүгінде “КЭСС” ЖШС өз өнімін шет елдерге де экспорттайды.

Риат Шони.