МТРА жаңалықтары

“Зенченко и К” командиттік серіктестігінің сүт зауыты тәулігіне 20 тоннадан астам өнімді Астанаға жөнелтеді

Любовь Середкина – “Зенченко и К” КС сүт зауытының қызметкері

 

– Жұмыс аса ауыр емес. Тек қондырғыдан шыққан дайын өнімді қораптартға салу қажет. Ең алдымен, әрине, оларда ақаудың болмауын қадағалаймын. Егер анықталып жатса, оларды алып тастау керек. Жұмысым өзіме ұнайды. Жалақы да уақытылы төленеді.

Сүт зауыты мал шаруашылығы кластерінің бір бөлігі ғана. Бұған тиесілі асылтұқымды сиыр фермасы бар болғандықтан, шаруашылық шикізаттан таршылық көрмейді. Күніне зауытқа Қызылжар ауданындағы Новоникольское елді мекенінен 40 тонна сүт жеткізіледі. Одан айран, қаймақ, сүзбе ірмішік секілді 38 түрлі өнім шығарылады. Зенченко тауарының сапасы мен дәмі барлығына мәлім. Сондықтан сұраныс мол. Бірақ, мұндағылар ең алдымен өңірімізді өніммен қамтиды. Тағы 20- 22 тонна тауарды күн сайын Астанаға жөнелтеді.

Георгий Целых- “Зенченко и К” КС сүт зауытының директоры

 

– Біз Астанаға өнімді жіберуді 2007 жылы бастағанбыз. Ол кезде әрине литрлеп қана өнім жөнелтілді. Кейін 5 тонна жіберетін болдық. Енді міне аптасына 6 рет күніне 20 тоннадан сүт тауарын жөнелтеміз. Барлық Астана нарығын қамтамасыз ете алмаймыз. Онда өңіріміз тауардан қағылады. Сондықтан ақырындап өнім көлемін арттырудамыз.

Елбасы ауылшарауашылығы өнімдерін өңдеуге басым бағыт беру керектігін атап өткен болатын. Петропавлдағы сүт зауыты президент қойған барлық тапсырмаларды бүгіндері нәтижелі жүзеге асырып келеді.

Магжан Ахмадина.