МТРА жаңалықтары

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы Астана күніне 2 көрме ұйымдастырады

Айсұлу Сәрсенова – Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы

 

– Бұл – мұражайдағы ең әдемі жаңа зал. Мұнда Елбасымыздың шежіресінен бастап Астана қаласының тұрғызылуы туралы ақпарат, экспонаттар мен фотосуреттер сақталған. ҚР Президентінің залында бүгінде 84 жәдігер бар. Алдымызда келе жатқан мереке қарсаңында мұражайдың қызметкерлері ғимараттың алдында суреттер көрмесін өткізеді. Бірі – Астанаға, екіншісі Елбасымыздың құрметіне арналған.

Мұндағы құнды заттардың бірі – Елбасымыздың мына портреті. Бұл суретті жерлесіміз Александр Шилов салыпты. Ол өз еңбегін аталмыш залдың ашылу құрметіне сыйлаған. Жымиып тұрған Нұрсұлтан Әбішұлы қарама-қарсы бетте тұрған бәйтерекке тамсана, мақтаныш сезімімен қарап тұрған сияқты. «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышаны. Қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті.

Айсұлу Сәрсенова – Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының маманы

– Астананың жобасын әлемге танымал жапон архитекторы Кисе Куракава сызған. Бүгінде Елбасының нұсқауымен салынған ғимараттар ерке Есіл бойында жайғасқан қалаға көрік беруде. Солардың бірі – Астана-Бәйтерек монументі. Идея авторы – Нұрсұлтан Назарбаев, ал архитектурасы – Норман Фостердің еңбегі. Бұл монумент барлығына белгілі аңыз желісінде құрылған. Сонымен қатар, Астанамыз бейбітшілік қаласы атанып, 2003 жылы әлемдегі ең үздік 30 қалалардың тізіміне енді. Ал 2017 жылы елорда әлемнің ең ақылды қалалар қатарына енеді деп жоспарланып отыр.

Астана – халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. Шахардың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді. Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Жеделдетілген құрылыс қарқыны небәрі 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи жаңғыртылған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызылды.

 

Айгерим Ержанова.