Мәдениет

Н.Погодин атындағы орыс драма театрының труппасы гастрольден оралды

Тимур Каримжанов, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі

 

– Фестиваль өте керемет өтті. Заманауи драматургия фестивалі болғандықтан жас әртістер мен жас режиссерлер көп болды. Олар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, өзіміз қойылымдарын сахналап жүрген көптеген драматургтармен жүздестік. Ал, ең бастысы – бұл сапарда театр ұжымындағы 18 адамның еңбегі бағаланды. Қойылымды 6 әртіс сахналады. Әрине, бұл жерде дыбыс режиссері, қоюшы режиссер, әрлеуші сынды мамандардың қызметін атап өткен жөн.

Әртістер фестивальде жыл сайын балалар ертегісін ұсынады. Ал бұл жолы жергілікті режиссер Елена Покрастың таңдауы «Чемоданное настроение» деп аталатын ресейлік жас драмматург Анна Богачёваның спекталіне түсіпті. Фестивальдің бірінші күні сахналанған қойылымды балалармен қатар үлкендер де аса қызығушылықпен тамашалаған. Себебі, ертегі ересектердің балалық шаққа саяхаты жайында.

Елена Покрас, «Чемоданное настроение» қойылымының режиссері

– Көз алдарыңызға елестетіңіздерші, сапаржай, тып-тыныш. Екі бала анасының чемоданын ашып ойнап отырады. Сол кезде олардың алдында Фёкла Чемоданова атты көңілді әйел пайда бола кетеді. Ол сапаржайдағы ашушаң, ұрысқақ адамдарды көңілдендіріп, қуанышқа кенелтеді. Олардың барлығы күнделікті күйбең тіршілікті ұмытып балалармен ойнап, сәби кездеріне оралады. Жалпы қойылым адамдарды бір сәт балаларға да көңіл бөліп, тым қатыгез болмауға шақырады.

Алдағы уақытта театр ұжымы жаңадан “Сұлтан Бейбарыс” қойылымымен Көкшетау және Ресейдің Омбы қалаларына іс-сапарларын жалғастырмақ.

 

Акбопе Танирберген.