МТРА жаңалықтары

Бейнелеу өнері мұражайында Александр Листопаднийдің суреттер көрмесі өтті

Александр Листопадний – Қазақстан Сәулетшілер Одағының мүшесі

 

-Мен бүгінгі көрмеге соңғы 3-5 жылдың ішінде салған суреттерімді әкелдім. Көбісі -балалық кезімнен сыр шертетін картиналар. Кейбір еңбектерімде “Эбру” әдісін қолдандым. Бұл өнер Шығыс елдерінде ХІ ғасырда пайда болған. Ең алдымен су бетіне сурет салып, кейін оны қағазға түсіремін.

Сәулетшінің көрме залына қойылған суреттерінің әрқайсысы – өзіндік бір дүние. Портреттік, пейзаждық жанрдағы қайталанбас туындылар. “Александр-аула қорғаушысы”, “Алғашқы мұғалім”, “Қысқы жол” картиналары көрерменнің көңілінен шығып жатты.

Татьяна Крашевская

– Картиналар өзіме қатты ұнады. Табиғатты тамаша жеткізген. Бір суретті тамашалап тұрып келесісін қарауға асығасың.


Анатолий Крашевский

– Александр – менің бала кезден бергі досым. Өте таланты сәулетші. Картиналарын қарап отырып баяғы балалық шағым есіме түсті. Оған тек сәттілік тілеймін.

Көрме соңында Александр Листопадний жиналғандарға арнап шеберлік сағатын өткізді. Ол жерде сәулетші мол жылдық тәжірибесімен бөлісіп, су бетіне суреттер салды.

Култанов Байболат.