Мәдениет

Астана қаласының халықаралық тұсаукесерінде солтүстікқазақстандық әртістер өнер көрсеткен


Юрий Зайберт – Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің оқытушысы

 

– Сол 1998-ші жылы әр қалада өнер ұжымдары арасында іріктеу болған еді. Петропавлдан бізді таңдады. Ұжымымыздың бағдарламасына Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Надежда Косыгина да қатысты. Тұсаукесерде көптеген елдердің көшбасшылары мен Премьер-Министрлері және де өзге де лауазымды тұлағалар болды. Біз мерекеде екі нөмір көрсеттік. Барлығы қошеметтеп, гүл шоқтарын сыйлады.

Ақын-сазгер Юрий Зайберт Петропавлдағы Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінде 1975-ші жылдан бері еңбек етіп келеді. Елорданың тұсауы кесілгеннен кейін сол жылдың желтоқсан айында жерлесімізге “Астана” атты естелік медаль табысталыпты. Осы уақытқа дейін сазгер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірнеше рет кездескен. Бұл жүздесу – ол үшін үлкен бедел. Юрий Зайберт Ұлт көшбасшысының 17 жыл бұрын Елорданы қайта құруы дұрыс әрі батыл қадам болды дейді.

Юрий Зайберт – Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің оқытушысы

– Асатана – таңғажайып қала. Жас болса да күннен күнге көркейіп келеді. Елорда кешкі уақытта ерекше әсем күйге енеді. Бүгінде Астана әлем қалаларының ішінде үздік отыздыққа кіреді. Ол, әрине, қатты қуантады. Бас қаламыздың гүлденуі еліміздің алға басуының бір айғағы екендігін көрсетеді.

Жас қала болса да Астананың басар таулары мен асар асқарлары әлі алда. Ал бас қаланың өркендеуі ол Қазақстанның өркендеуі.

 

 

Риат Шони.