Қазақстан-Ресей шекарасынан заңсыз өтпек болған қылмыскер құрықталды

МТРА жаңалықтары

14:04 30 Маусым 2015

Жангелді Текебасов , ҚР ҰҚК Шекара қызметінің №2032 әскери бөлімінің аға технигі

– Біз қайыңдардың ішінде қасымдағы үш серігіммен күзетшілікте отырған болатынбыз. Орманнан жалғыз қарайған адам назарымызға ілікті. Біз жағдайды заставаға жеткізіп, қашқынның шекараға дәл 30 метр жақындауын күтіп отырдық.

Құжаттарын тексергесін Ақмолалық азаматтың кісі өлтіруге әрекеттенген деген күдікпен іздеуде жүргені анықталған.

Сәкен Урмантаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің №2032 әскери бөлімі камандирінің орынбасары

– Біз қолға түскен азаматты заставаға әкеліп, құжаттарын тексергесін іздеуде жүргенін анықтадық. Адам өлтірмек болып әрекеттенген Ақмолалық бұл жерге дейін таксимен жеткен.


Бүгінде шетел асып кетпек болған азамат Ақмола облысының Щучинск аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қолына тапсырылған.

Алексей Волков , ҚР ҰҚК Шекара қызметінің №2032 әскери бөлімі шекара заставасының басшысы

– Азамат Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 106 бабына бойынша айыпталған. Енді оған қоса, 514 бапта көрсетілгендей Мемлкеттік шекарадан заңсыз өтпек болған деген айып тағылуда. Сондай-ақ 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Бүгінде аталған аудандық ішкі істер бөлімінде тергеу жұыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері шекарада мұндай оқиға осымен екінші рет тіркеліп отыр.

Акбопе Танирберген.


aracter:line-break’> 

Бұдан әрі оқыңыз

Мамлют ауданының өнерпаздары қорытынды концерт ұйымдастырды
СҚО-да мал ұрлау фактілері көбейген
Облыстық әкімдіктің отырысы өтті
Есіл ауданында браконьерлер құрықталды
Петропавлда су құбыры жарылды
Аймақ басшысы Қызылжар ауданында қоғамдық қабылдау өткізді
Еріктілер ұйымдары бірлесе жұмыс істемек
Аймақ басшысы қаладағы құрылыс жұмыстарымен танысты
Өңірде соңғы бірнеше айда 5 адам суға батып кеткен
Облыс әкімі Мамлютка қаласында қоғамдық қабылдау өткізді
Телефон нөмірін тіркемеген қазақстандықтар байланыссыз қалды
«Апталық шолу» бағдарламасы 27.10.19