МТРА жаңалықтары

Петропавлда Астана күніне арналған іс-шаралар басталды

Асыл Бексұлтанова – Өнер колледжінің түлегі

– Колледжді бітіргеннен кейін менің алдымда көп таңдау болған жоқ. Мен бірден Астана қаласына бардым. Өйткені, Астана қаласы Отанымыз Қазақстанның бас қаласы. Ол қала күннен күнге гүлденіп жатыр, өсіп жатыр, көркейіп жатыр. 4 жыл ішінде ол қаланың маған бергені, біріншіден, білім, екіншіден Астана маған үлкен мүмкіндіктер берді.

Астана күніне орай Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің қызметкерлері шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Облыс орталығында орналасқан аталмыш өнер ордасының директоры Роза Кашенова еліміздің бас қаласы – Астана бүгінде жастар қаласына айналып отыр,-дейді.

Роза Кашенова – Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің директоры

– Астана – арман қала, Ол – болашақтың қаласы. Елбасымыз салған шаһарды барлығы да жақсы көреді, оның сұлулығына көзің тоймайды. Сонымен қатар, Астана – жастар қаласы. Бұл қала арман қуған студенттерге толы. Өз еңбек жолын осы қаладан бастап жатқан жастар көп.

Биыл Еуразия жүрегінде орналасқан шаһарға шілденің 6-сы күні 17 жыл толмақ.

 

Айгерим Ержанова.