Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы семинар-кеңес өткізді

Талғат Салкеев – Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы жетекшісінің орынбасары

– Салық мәдениетін көтеру үшін Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы «Қазақтелеком» АҚ, «ВТИ-комплект» фирмасының өкілдері мен салық төлеушілерге «Жаңа бюджеттік классификация» тақырыбында семинар өткізудеміз. Жалпы қолданыстағы бюджеттік классификация коды шілденің бірінен бастап 96-ға дейін қысқармақ. Сонымен қатар, ҚР Салық Кодексінің 645-бабының бірінші тармағына сәйкес қазір бақылау кассалық машиналары енгізілуде. Бұл мәселе де семинар бағдарламасында қарастырылған.

Яғни, салық төлеушілерге ақшалай есеп туралы ақпарат беретін жаңа кассалық аппараттар сатып алуға асығу керек. Бұл жанармай мен алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшектеп сатумен айналысатын бизнесмендерге тікелей қатысты. Жалпы семинар-кеңесте 3 сұрақ қаралды.

Талғат Салкеев – Петропавл қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы жетекшісінің орынбасары

– Айта кету керек, 2014 жылдың қыркүйегі мен 2015 жылдың желтоқсанына дейін ҚР-нда ел азаматтарының мүлкін заңдастыруға қатысты жұмыстар жүргізілуде. Олардың қаржылары мен кей жылжымайтын нысандары бұған дейін экономикалық айналымға кірістірілмеген болатын. Қазір бұл науқан жалғасып жатыр.

Жиналыс кезінде салық төлеушілер мамандарға өздерін мазалаған сұрақтарды да қойып үлгерді. Оларды кассалық аппараттарды қайдан алу, желіге қалай қосу және бюджеттік классификация кодтарының тізіміне қатысты мәселелер қызықтырды.

 

Айгерим Ержанова.