МТРА жаңалықтары

Астанаммен мақтанам!

Сағындық Салмұрзин- «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» СҚОФ төрағасы

– Елбасымыз көркейген Астана құрды. Қазір бұрын барлық қарсы болған адамдар соның жақсылығын көріп отыр. Бұрынғы мәдени орталығымыз Астанаға көшті. Күллі әлем Астананы таныды. Ол жол торабында тұрып, барлық түркі әлемінің Астанасына айналды. Оны күллі түркі әлемі бірінші қала ретінде санайды.

Бейбітшілік пен келісім қаласына айналған бас қаламыз әлемдік дінбасылары, алпауыт елдердің саясаткерлері бас қосатын диалог алаңына айнала білді. Астана – әлем бойынша ең жас елорда болып саналады. Соған қарамастан, көптеген ұлттар мен ұлыстардың ортақ үйі атанды. «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» СҚОФ төрағасы Сағындық Салмұрзин бұрындары отандастарымыз балаларын шетелде оқыуға жеберетін дейді. Соңғы уақытта жастар Астананы таңдауда. Өйткені Қазақстанның бас қаласы мәдениеті мен білімі, келбеті мен кереметі тоғысқан жерұйыққай айнала білді.

Сағындық Салмұрзин- «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының» СҚОФ төрағасы

– Өзіміздің қандастарымыз да, сыртта жүрген бауырларымыз да Астанаға барсақ, балаларымыз сонда оқыса екен дейді. Білім ордасы, мәдениетбарлығы сонда жиылған. Сондлықтан барлық потенциалымызды астанаға жұмылдыруымыз керек.

Елордамыз бүгіндері сәулеті мен сәні келіскен зор шаһарға айналды. Келешекте де дамудың даңғыл жолынан табылып, Қазақстанды алға бастап, алпауыт елдермен терезесі тең болуына зор серпін бермек.

Магжан Ахмадина.