МТРА жаңалықтары

2015 жылы “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалы халықаралық сапа байқауында “Сала көшбасшысы” атанды

Валерий Гудзенко, “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалы Ишим өндірістік учаскесінің басшысы

– Осы күні Ишим өндірістік учаскесі 542 километр су құбырына қызмет көрсетеді. Алдыңғы жылдары біраз желі жаңасына ауыстырылып, ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуі керек болатын. Алайда ол істің әлі шеті де көрінбейді. Астаналық компанияға Ишим өндірістік учаскесі бойынша жобалық сметалық құжатты әзірлеу жүктелген болатын. Істі аяқсыз қалдырған олар бұл жерге ат ізін де салған жоқ.

Десе де, нысанда барлық тиісті тазалық шаралы үздіксіз жүргізіледі. Мысалы, аталмыш өндірістік учаскеде ауыз су тұтынушыларға жетпес бұрын 5 рет сүзгіден өтеді.

Бахыт Базаров, “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалы Ишим өндірістік учаскесінің су тазалау станциясының шебері

– Судағы бактерияларды жою үшін риагент кагулянт, хлор қосамыз. Одан кейін тіршілік көзі бірнеше кезең бойынша сүзгіден өтеді.

Мұндағы химиялық зертхана атестатталған. Лабороториядағы 6 маман сағат сайын тұщы судан сынамалар алып, химиялық және бактериологиялық сараптамалар жасайды. Кейін сараптамадан өткен тіршілік көзінің көрсеткіштерін облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментіндегі санитарлық-эпидемиологиялық бөлімшеге жолдайды.

Наталья Чебан, “Қазсушар” РМК “Есіл су” филиалының санитарылық дәрігері

– Белгіленген кестеге сәйкес жай күндері судан тәулігіне 8 сағат сайын, ал Есіл өзені тасыған кезде 4 сағат сайын сынама алынады. Жалпы ай сайын судан 32 көрсеткіш бойынша сынама алынады. Облысымызда осындай химиялық зертхана Булаев, Соколов және Преснов өндірістік учаскелерінде де бар. Аталған нысандарда да техникалық, нормативтік талаптар қатаң сақталады.

Сондай-ақ, мұнда қалташалар мен тіршілік көзі сақталатын резервуарлар
ұдайы жуылып-шайылады. Қоймадағы қалдық су тазартылып, Есіл өзеніне қайта ағызылады.

Жүйелі жұмыстың барлығы диспечерлік бекеттегі басқару пульті арқылы тындырылады. Мамандар тәулік бойы кезекшілік құрып, техникалық ақауды дер кезінде жойғандықтан, тұтынушылар тарапынан бірде-бір шағым алмаған.

Берик Касен.