Денсаулық сақтау

Тұрғындар шағымдары ескерусіз қалмайды

Әлия Тәшетова- №3 қалалық емхананың бас дәрігері.

-Наталья Баеваның шағымы бойынша біз емханада зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Оны қабылдаған дәрігер мен фельдшерден түсініктеме алынды. Азаматша өз шағымында 5 жылдан бері Қазақстанда тіркеліп, осы уақытқа дейін емдеу мекемесіне жүгінгенде еш кедергі болмағандығын айтқан. Алайда ол Ресейде тіркелген екен және Наталья Баева шағымда көрсетілгендей алғашқы медициналық көмек алуға емес, емханаға тіркелуге келіпті.

Алайда емдеу мекемелерінің республикалық базасында азаматша болмай шықты. Оның үстіне емханалар тегін көмекті өзге ел азаматтарына көрсетпейді. Ал Наталья Баева Ресей азаматы болып шықты.

Әлия Тәшетова- №3 қалалық емхананың бас дәрігері.

-Кепілдендірілген тегін медициналық көмек тек Қазақстан азаматтары мен оралмандарға ғана көрсетіледі. Егер науқастың ауруы асқынған болса ғана, не алғашқы медициналық көмек қажет болса ғана ондай ауруларды қабылдай аламыз.

Өзге елдің азаматтары үшін медициналық қызмет көрсету ақылы түрде жүргізіледі.

 

 

Магжан Ахмадина.