Спорт

Петропавлға велосаяхатшылар келді

Архипов Андрей – Петропал жол бөлімшесі «Теміржолшылар кәсіподағы» ҚҰ төрағасы.

-Жеңістің 70 жылдығы мен Ресей теміржол кәсіподағының 110 жылдығына арналған велотурне 3 бағыт бойынша өтуде. Бүгінгі саяхатшылар Хабаровск-Волгоград арасындағы жолды бағындыруға ат салысады. Олар мерекеге байланысты қаламызға келіп отыр. Саяхатшылардың ұстанған бағыттары Мамлют ауданы арқылы Ресей жеріне өту.

Жалпы Ресей теміржол кәсіподағының 110 және ҰОС жеңістің 70 жылдығына арналған велотурне алғашқы рет өтіп отыр. Осыған байланысты велосаяхатшылар ең алдымен “Жеңіс саябағындағы” ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Алыс жолды жүріп өту майдангерлеріміздің алдындағы борышым дейді,- құраманың капитаны Дмитрий Юдин.

Дмитрий Юдин – Авнгерд-7 құрамасының капитаны.

 

-Жеңістің жетпіс жылдығы өте маңызды мереке. Сол себепті де мен акцияға қатысып отырмын. Қолыма қызыл армияның туын алдым. Бұл да біздер үшін Ұлы жеңістен естелік болып отыр. Енді біз Екатеренбург қаласына барып, кезекті басқа велосипедшілерге береміз.

Өзге бағыттар Брест-Волгоград және Севастопольден Волгоградқа дейінгі ұзақ жолдарды қамтымақ. Жалпы аталмыш іс-шара 110 күнге жалғасып, шілденің 29-ында мәрсесіне жетеді.

Култанов Байболат.