Мәдениет

Петропавлда хореографиялық спектакль қойылды

Алёна Приходько, S`avаnger» хореографиялық мектебінің тәрбиеленушісі.

-Менің рөлім Амазонка. Өз кейіпкерімнің бойындағы – қайсарлық пен батырлық, ержүректік қасиеттері ұнайды. Қойылым барысында ер жігеттермен төбелесемін. Жалпы спекталь қызықты әрі күрделі етіп жинақталды. Мен 18 жастамын. Ал, мұнда кішкентай бүлдіршіндер көп. Олардың киім ауыстыруларына көмектесеміз. Бір сөзбен айтқанда сахна сыртында қызу жан-талас.

Милана Серобаба, S`avаnger» хореографиялық мектебінің тәрбиеленушісі.

-Мен достарыммен бірге аборигендер биін билеймін. Бізге тіктірген киімдер өте әдемі. Билегенді жақсы көремін.

Жалпы спектальге қатысушылар көрермендерге би арқылы адамзаттың әр замандағы ойын, сезімін, қайғы-қасіретін, түрлі фантастикалық окиғаларды өзіне тән құралдарымен, амал-тәсілдерімен жеткізуге тырысты. Қоюшы-режиссердің айтуынша күрделі қойылым 1 айдың ішінде дайын болған.

Юлия Ширина, «S`avаnger» хореографиялық мектебінің жетекшісі.

-Театрланған қойылымда әр биге байланысты жеке-жеке музыка даярладық. Сахнаның декорациясын да әр бидің сюжетіне байланысты ауыстырып отырамыз. Әртістердің әр-қайсына костюмдер тігілді. Көп еңбектендік. Біздің мектебіміз 2014 жылы ашылғандықтан, бұл екінші мәрте есеп беру кешіміз. Ересек әртістеріміз – республикалық, облыстық байқаулардың қатысушылары. Дені спортшылар. Ал, спектальді Юрий Мирошниченко екеуіміз қойдық.

Көне дәуірлердің барлығына саяхат жасаған періштелер ең соңында қазіргі жоғары технологиялар заманына да келіп жетеді.

Петропавлда бұрын соңды қойылмаған мұндай ерекше туындыны көрермендер жоғары деңгейде бағалады.

Алдағы уақытта спектакль өнер мектебінің репертуарлық қоржынынан ойып тұрып орын алатыны сөзсіз.

 

 

Акбопе Танирберген.