Спорт

Петропавлда велоспорттан өткен 4-ші жазғы спартакиада өз мәресіне жетті

Александр Овсянников – жарысқа қатысушы, СҚО.

-Жарысқа дайынмын. Жүлделі орын алуға бар күш-жігерімді саламын. Мықты қарсыластар да жетерлік. Өткен додада 3-ші болдым. Енді өзімді көрсетуге тырысамын.

Топтық бәсекеде 46 жасөспірім бақ сынасты. Жарыстың 15-ші минутында 28-ші нөмірлі спортшы топ бастады. Бірақ бұл ұзаққа бармай, оны 72-ші, кейін 65-ші нөмірлі шабандоздар озып өтті. Нәтижесінде ең жоғары нәтижені Жамбыл облысы көрсетті. Берілген арақашықтықты ол 2 сағат 49 минут 59 секундта жүріп өтті. Жүлделі екінші орынды павлодарлықтар, ал үздік үштікті Қызылорда облысының спортшылары бекітті.
Ал жексенбі күні жарыс алаңына 206 шақырымды бағындырамын деген шайтанарбашылар шықты.

 

Айгерим Ержанова