МТРА жаңалықтары

Петропавлда 5 шақырылымдағы облыстық мәслихаттың 36 сессиясы өтті

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы.

-Көрсетілген қаражат маңызды тапсырамларды шешуге бағытталмақ. Оның ішінде 2016 жылы Қазақстан мен Ресей әріптестігінің өңіраралық форумын өткізуге 201,5 млн. теңге жұмсалмақ. Оның 10 млн теңгесі жеңіл атлетикалық манежы бар спорт сарайының құрылысына, 500 мың теңге әмбебап теннис кортына, 1 млн. теңгесі тұралап қалған нысанды Достық үйіне айналдыруға, 106 млны абаттандыру мен коммуникацияны тартуға жүргізуге бағытталмақ.

Мамлют қаласы мен Бәйтерек ауылында мектеп салу, Береке шағын ауданын көркейту, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын іске асыру, мәдениет пен спортты дамыту – алға қойған мақсаттардың тізімінде. Осы аталғандарға да қаржы бөлу керек деді өз сөзінде Ескен Әкімжанов. Халық қалаулылары өзгерістерді бір ауыздан қолдады. Күн тәртібіндегі келесі мәселе – сыбайлас жемқорлық, көлік тасымалы мен су қорларын пайдалану төлемақысына қатысты болды. СҚО жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Бейбіт Исманов әлеуметтік маңызы бар хабарламалар тізіміне темір жолдардағы бірнеше жаңа маршруттарды қосуды ұсынды.

Бейбіт Исманов – СҚО жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

-Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Ресей Темір Жолдары арасында Петропавл-Есіл көл және Петропавл-Макушино желісінде жолаушыларды тасымалдау туралы келісім шарт жасалған. Аталған бағыттар тасымалдаушыны шығынға ұшыратуда. Олар субсидия алу мүмкіндігіне ие болу үшін аталған маршруттарды әлеуметтік маңызы бар хабарламалар тізіміне енгізу қажет.

Бұл ұсынысты та халық қалаулылары бір ауыздан қолдады. Жалпы күн тәртібінде 16 мәселе қарастырылып, барлығы қолдау тапты.

 

 

Риат Шони.