Спорт

«Қызыл-Жар СК» ФК «Екібастұз» командасын 2-0 есебімен тізе бүктірді

Келесі 45 минуттықты жерлестеріміз жаңа толқынмен бастады. Екібастұздық команданың қорғаушыларына тынығуға мұрша бермей шабуылдарын үдетуде. Кездесудің 72-ші минутында теріскейлік команданың бас бапкері Владимир Фомичев алаңға жаңа ойыншыларды шығарды. Бұл тактикалық өзгеріс өз жемісін 74-ші минутта береді. Әуелетіп асырылған допты шабуылшы Давити Чагелишвили баспен дәл қақапаға бағыттап, есепті ашты.

Гол жіберіп алған қонақтар еселерін қайтарғылары келгенімен қызылжарлық қорғаушылардан айлаларын асыра алмады. Керісінше, қателікке бой алдыруда. Осыны ұтымды пайдаланған алаң қожайындары 88-ші минутта есепті еселей түсті. Бұл голдың авторы Мусса Лимане атанды. Жауапсыз екі гол жіберіп алған екібастұздық ойыншылар қайтсе де бір допты қақпаға дарытуды көздеді. Алайда діттегендеріне жету үшін уақыт жетпеді. Қорытынды есеп 2-0 – “Қызыл-Жар СК”-ның пайдасына шешілді. Қатарлас өткен матчта семейлік «Спартактың» өз алаңында «Булат АМТ»-дан ойсырата жеңілгеннен кейін солтүстікқазақстандықтар 23 ұпаймен кестеде көш бастады. Айта кету қажет, жерлестеріміз мұндай жетістікке соңғы 6 жылда алғаш рет қол жеткізіп отыр.

Роман Нестеренко – “Қызыл-Жар СК” ФК капитаны.

-Есеп екі де нөл. Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Қарсылас команда алаңның әр метрінде бәсекелестік туғызды. Бірінші таймда қателіктер көп болды. Пастар діттеген жерге тура жетпей жатты. Үзілісте бапкер кеңестер беріп, келесі 45 минутта соны ұтымды пайдаландық. Екібастұздық ойыншылардың физикалық дайындықтары әлсіздеу болды. Тез шаршап қалды. Бұл бізге өз пайдасын берді.

Қарасай стадионындағы келесі ойын 11-ші шілде күні өтеді. Онда “Қызыл-Жар СК” елордалық «Бәйтерек» командасын қабылдайды.

 

 

Риат Шони.