МТРА жаңалықтары

Тілшілер марапатталды

-БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Алдағы уақытта сіздермен тығыз қарым-қатынаста боламыз деген ойдамын. Баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін.

Жалпы жыл басынан өңір полицейлері жайлы баспасөзде 2.5 мыңнан аса мақала жарық көрген. Мұның барлығы республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің еңбегінің жемісі.

Руслан Құсайынов – “31 арнасының” меншікті тілшісі.

-Байланыс және ақпарат күні қарсаңында ІІБ басшысы төртінші билік өкілдерін марапаттап жатыр. Осындай марапатқа ие болғаныма қуаныштымын.

Жиында 30 ға жуық БАҚ өкілдері марапатталды. Олардың қатарында Муниципалды арна қызметкерлері де бар.


 

Култанов Байбулат.