МТРА жаңалықтары

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

-Бүгінгі жаһандану заманында байланыс пен ақпараттың алар орны ерекше. Осындай кезеңде сіздер халықты ақпаратпен жедел сусындатып, жаңалықтың жаршысына айналып отырсыздар. Елімізде БАҚ артылған жауапкершілік қай кезде болмасын ерекше. Журналистер билік пен халық арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, тұрғындар тұрмысының жақсаруына үлес қосып келеді.

Бүгін айтылған барлық мадақтаулар мен құттықтаулар осы жандар үшін. Журналистерді яғни, БАҚ өкілдерін төртінші билік иесі деп бекерден бекер айтпайды. Себебі қалам ұстап жүгірген жандар қоғамның өткір мәселелерін көтеріп, от пен су кешіп тіпті өз бастарына қатер төндіріпте жүреді. Журналист болу үшін батыл болу керек. Міне, осындай ер жүректердің еңбегі еленіп, бірқатар қызметкер облыс әкімінің құрмет грамотасын алды. Солардың қатарында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ професоры Зарқын Тайшыбайда бар. Аталмыш жоғарғы оқу орны қазіргі таңда өңірімізде тілшілерді даярлайтын бірден-бір мектеп. Соңғы 10 жылдың ішінде білім ұясынан қазақ тілінде оқыған 80-нен астам түлек қанат қағып, бүгінде белді журналистерге айналған.

Зарқын Тайшыбай – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры.

-Бұқаралық ақпарат құралдарымен қаншама қоғамдық пікір қалыптасты. Қазір еліміздің жақсы тұстары да жаман тұстары да баспасөз беттерінде. Сондықтан менің айтарым БАҚ мықты мемлекет әрқашан алда болады.

Журналист мамандығы – қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Аталмыш мамандықтың алдында жүру үшін мақсаткер, талапшыл әр уақытта тез тіл табысқыш, ықыласты, бауырмал болу керек. Міне, осы тізілген талаптар мен қасиеттерді бойына сіңірген СҚО әкімдігінің муниципалдық телеарнасының тілшісі Мағжан Ахмадина бүгінгі кеште өңір жетекшісінің сыйақысына ие болды. 5 жыл бойы журналистика саласында еңбек етіп келе жатқан нәзік жанды бұл жеңіс тек менің ғана емес, барлық ұжымның жеңісі дейді.

Мағжан Ахмадина – СҚО әкімдігінің муниципалдық телеарнасының тілшісі.

-Жалпы эфирге бір шыққан материалдың артында ұжымның еңбегі жатыр. Мұнда оператор, монтажер, редакторлардың еңбегі өлшеусіз. Сондықтан бұл марапат тек жалғыз менікі емес, бүкіл ұжымның марапаты деп білемін. Бүгін төл мерекемен барлық әріптестерімді құттықтаймын.

Расында да жалғыз журналист қана өмірде орын алып жатқан барлық оқиғаларды түпкілікті халыққа жеткізе аламайды. Әсіресе, телевизияда. Бұл салада бейнематериалдарды әдемі түсіріп, үнемі объективтің арғы жағында жүретін операторлардың да үлесі өлшеусіз. Мерекелік кеште еңбегі еленген жандардың қатарында СҚО әкімдігінің муниципалдық телеарнасының операторы Михаил Казначеевта болды.

Михаил Казначеев – СҚО әкімдігінің муниципалдық телеарнасының операторы.

-Біздің жұмыс оңай емес. Кез-келген жағдайда әдемі бейне түсіру қажет. Өйткені сенің түсіргеніңді кейін жұрт қарайды. Сол себепті бұл іс үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бүгін еңбегіміз еленіп жатқаныма өте қуаныштымын.

Сонымен қатар байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың алғыс хаттарымен 13 азамат марапатталды. “Хабар агенттігі” АҚ бейнеинженері Дмитрий Рураныңда еңбегі еленіп қошеметке бөленді.

Дмитрий Рура – “Хабар агенттігі” АҚ бейнеинженері.

-Мен өз жұмысымды сүйемін. Әрине бейнематериалдарды монтаждау оңау шаруа емес. Өйткені операторлар кез-келген ауа райы мен жағдайда түсіреді. Олардың арасынан әдемісін тез таңдап алу қажет. Өйткені материалды эфирге уақытмен шығару керек. Бүгінгі марапатыма ризамын.

Сондай-ақ, бұл күні еңбегі еленген жандар “Қазақстан журналистер одағының” марапатына да ие болды. 40 жыл “Қазақстан-Петропавл” арнасында оператор болып еңбек еткен Владимир Манылов аталмыш одақтың шешімімен “Құрметті журналист” атанды. Сонымен қатар республикалық «Экспресс К» газетінің меншікті тілшісі Елена Чернышева – “Жыл журналисі”, «24 КЗ» арнасының телеоператоры Төлеген Иманов – жыл операторы деп танылды. Жиналған қауымды “Қазақстан журналистер одағы” СҚОФ төрағасы Ерлан Тоқшылық төл мерекемен құттықтады.

Ерлан Тоқшылық, “Қазақстан журналистер одағы” СҚОФ төрағасы.

-“Қазақстан журналистер одағы облыстық ұйымы төралқасы атынан осы отырған бәріңізді осы мерекемен шын жұректен құттықтаймын. Облыс журналистерінің, тілшілер мен репартерлардың облыс өміріне қосып келе жатқан маңызды үлесі бар”.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

 

Риат Шони.