МТРА жаңалықтары

“Жүзден жүйрік – 2015” байқауы өтті

Ринат Накиев, М. Айтхожин атындағы № 1 орта 1 инновациялық орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі.

-Мен екі кезеңнен де сүрінбей өттім. Мысалы менің жобам 11 сыныптардағы ҰБТ-ге қатысты болды. Одан кейін шеберлік сыныбын өткіздім. Байқаудың тигізер пайдасы мол. Өзге ұстаздармен тәжірибе алмастық.

Сөйтіп, екі кезеңнен де сүрінбей өткен №8 орта мектептің мұғалімі Айгүл Төлебаева, Петропавлдық «Ивушка» балабақшасының қызметкері Гүлсара Шалабаева, Тайынша ауданының Чкалов орта мектебінен келген Алтын Шауекова жүзден жүйрік деп танылды. Байқау жыл сайын өтетіндіктен, қатысушылардың дайындығы жоғары дейді ұйымдастырушылар.

Сандуғаш Байкенова. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «СҚО бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» аға оқытушысы.

-Байқаудың мақсаты қаламыздағы қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру. Жыл сайын өткізетіндіктен бе, биыл мұғалімдердік дайындығының жоғары деңгейде екені байқалады.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік деп танылған жұмыстар СҚО ПҚ БАИ-ның «Педагогикалық ізденіс» ақпараттық ғылыми-әдістемелік журналында жарияланады.

Акбопе Танирберген