Спорт

“Қызыл-Жар СК” ФК өзінің келесі кездесуіне тас түйін дайын

Али Алиев – “Қызыл-Жар СК” ФК жартылай қорғаушысы.

-Сырт алаңда болғаннан кейін ойын қиын болды. Сонымен қатар қарсыласымыз бізден екі сатыға жоғары. Оларды ұтсақ таза 2-ші орынға шығамыз. Бапкер жеңу керек деген тапсырма қойды. Команда сапындағы ойыншыларда шаршаған, жаттығатын жасыл алаңымызда дайындалу қиын. Аяқтар тез талады. Бірақ бар күшімізді салып, жеңіске жеттік.

Солтүстікқазақстандықтардың келесі ойыны Екібастұзбен өтеді. Аталмыш команданы есімі жанкүйерлерге әйгілі Владимир Линчевский жаттықтыруда. Еске сала кетейік, бұл бапкер өткен маусымда “Қызыл-Жар СК”-ны биік белестерге жетелеп көрген. Алайда былтырғы қателіктері биылда қайтіп келуде. Турнирлік кестеде Линчевский шәкірттері аутсайдерлердің қатарында тұр.

Али Алиев – “Қызыл-Жар СК” ФК жартылай қорғаушысы.

-Келесі ойын Екібастұзбен өтеді. Команда соңғы орындарда болса да, қазір трансферлік кезең жүріп жатыр. Мұнда кез-келген құрама мықты ойыншылармен жасақталып, келе алады. Сонымен қатар Екібастұзды Линчевский жаттықтырады. Ол үшін бұл кездесу негізгі болмақ. Бірақ біз бар күшімізді салып, жанкүйерлерге жеңісті сыйлап, өзіміздің 2-ші орнымызды сақтап қалуға тырысамыз.

Бүгінде теріскейлік команда сапында бірқатар өзгерістер орын алыпты. Қазір трансфер жүріп жатыр. Мұны пайдаланған жерлестеріміз құрамаға Мақтааралдық қорғаушы Дмитрий Петерсонды алыпты. Қуаныштысы, жаңа ойыншыны жанкүйерлер Екібастұзбен өтетін кездесуде көруі әбден ықтимал. Ал өкініштісі сол, команданың негізгі орталық қорғаушысы Эльхаджи Ндойе жарақат алыпты. Қазір ол жеке жаттығуда. Маусымдағы ең әдемі голдың иегерін келесі ойында көруіміз екі талай.

 

 

Риат Шони.