МТРА жаңалықтары

Петропавлда “ҚХА этноконфессионалдық нығайту және дамыту институты ретінде” тақырыбында халықаралық жиын болды

Дәуренбек Құсайынов – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қаласы.

-Бес реформаның ішінде 4-ші бағыты ол болашағы бір ұлт деген бағыт. ҚР-ның мемлекеттігін одан әрі қарай дамытуда ҚР азаматтары бір ананың баласындай болу керек.

Бүгінгі кездесу этникаарлық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін паш етуге, ҚХА-ның құрылу тарихымен және қазіргі таңдағы міндеттерімен, қызметімен, оның конституциялық мәртебесімен кеңірек таныстырады- дейді облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов.

Найль Салимов – облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

-Конференцияға Қазақстанмен қатар Ресей елінен келген делегация бар. Аталмыш шара аясында ғылыми жинақ шығарылды. Онда 200-ден астам мақала жарық көрді. Олардың ішінде этносаралық келісімдегі бірінші президенттің рөлі айқын көрсетілген.

Ғылыми конференцияға келген әр мейман өзінің баяндамасын жасап, қатысушыларды жазған мақалаларымен таныстырды.

 

 

Айгерим Ержанова.